Кері қоңырау

ТАБИҒИ ГАЗ БОЛҒАНДА, АРТЫҚ ТӨЛЕУДІҢ ҚЕЖЕТІ НЕ!»

1 миллиард теңгеден артық – дизельдік отынды табиғи газға толық алмастырудың арқасында именно столько сэкономили потребители группы компаний «Global Gas Group» компаниясы тобының тұтынушылары дәл осындай соманы үнемдеді.

 Қазақстанда 2018-2019 жылу беру маусымы аяқталды, яғни бұл кезекті қорытындыларды шығарудың және СТГ бірегей технологиясы арқылы жүзеге асырылатын, Республиканың солтүстік аумақтарындағы «құбырсыз» газдандыруды дамытудың қазіргі мәртебесін жария етудің уақыты келді деген сөз. 2018 жылдың күзінде «Туран» КРПСГ жаңа өндірістік қуаттарды пайдалануға енгізуді және жаңа объектілерді қосуды есепке ала отырып, «Global Gas Group» тұтынушылар үшін табиғи газдың үздіксіз және апатсыз тасымалдануын қамтамасыз ету бойынша өзінің негізгі міндетін 100% -ға орындады. Барлығы 2018 жылғы қыркүйек және 2019 жылғы сәуір аралығында мамандандырылған автопоездармен 501 рейс орындалды және 9 000 тоннаға жуық СТГ немесе 12 млн текше метр тауарлы газ жеткізілді, бұл өткен жылғы жылу беру маусымының деңгейіне қатысты +43% құрайды.


Қазақстанда қайта газдандыруды іске асыру динамикасы (м3 жылу маусымдар) 

2019 жылғы сәуір бойынша «Global Gas Group» бірінші тұтынушысына берілу сәтінен бастап тауарлы газдың іске асырылу көлемі 21 млн артық текше метрді құрады. Компания мамандарының алдын-ала болжамы бойынша 2019 жылдың аяғына дейін ҚР қайта газдандырылған табиғи газдың іске асырылу көлемі 2018 жылдың деңгейіне қатысты 25% дейінгі өсімді құрауы мүмкін.

2017-2019 жылдары табиғи шазды іске асыру динамикасы,м3 

Компанияда индустрияландыру Картасы шеңберінде инвестициялық жобалар белсенді түрде іске асырылатын, газбен жабдықтаудың меншікті көздері жоқ өңірлерден болып тұратын жүгінулердің күнделікті өсімін атап өтті. Ең алдымен ол Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары. Аналитиктер атап өткендей, СТГ технологиясын енгізу пайдасына келетін салмақты дәлелдердің арасында жаңа отын- энергетикалық сегментінің әлеуетті тұтынушылары тек үйлесімді баға белгілеу және жоғарғы энергетикалық сипаттамаларды ғана емес, сонымен қатар нөмен күрделі салымдарды, газ инфрақұрылымын құрудың қысқа мерзімдерін және отын ұрлау мүмкіндігін толығымен болдырмайтын, ашық есепті назарларына алып отыр.


«Расында да, бүгінгі күні біздің тұтынушылар СТГ – магистарльдық газ құбырының келуін күтпей-ақ, қазір және осы жерде үнемдеуді бастаудың қолжетімді мүмкіндігі екенін жақсы. Егер бұдан бұрын бізге оларды «құбырсыз» газдандыру жобасының тиімділігіне бірнеше рет сендіріп, ойымызды дәлелдеуге тура келсе, қазір көптеген компаниялар үнемділікті және пайдалану ыңғайлығын бағалайды және өздері коммуникацияға кіруге қызығушылық білдіреді . Өскелең сұранысты қамтамасыз ету үшін, біз белсенді жұмыс атқарып жатырмыз», – дейді Global Gas Regazification» директоры Панает Саулиди.


«Global Gas Group», Қазақстандағы «құбырсыз» газдандыру жобасын іске асыра отырып, жыл сайын өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарта келе, газ саласын дамытуға елеулі үлес қосып келеді.