Кері қоңырау
warmth-1199825.jpg

Газдандыру

«Сұйылтылған табиғи газдың болашағы зор. Қазақстанның солтүстік аудандарын газдандыру – жуырдағы бірнеше жылдың мәселесі». (Global Gas Group бас директоры Гончаров О.Ю.)

Қазақстанның елді мекендерін газдандыру: экологиялық және үнемді

Бүгінгі таңда халық шаруашылығындағы дизельдік отын (солярка) мен көмірді «көгілдір отынға» толықтай ауыстыру туралы айтуға әзірге ерте, бірақ ол энергия мен жылу алудың ең қарапайым әдісіне айналып келеді. Елді мекендерді табиғи газбен жабдықтау үйлер мен ғимараттарды жылытуға шығындалатын отбасылық және мемлекеттік бюджетті көтермей-ақ атмосфералық ауаға зиянды заттардың шығарылуын азайту мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бұл мәселе, әсіресе, Астана мен Қазақстанның солтүстік өңірлері үшін өзекті, себебі, олар көмірмен жанатын қазандықтардың жұмысының жағымсыз әсерін күнделікті денсаулығынан-ақ сезіп отыр.

Global Gas Group Қазақстан аумағындағы магистралдық құбыржолдан алшақ жатқан нысандарды табиғи газбен үздіксіз жабдықтап отырған жалғыз ұйым болып табылады. 2021 жылға қарай компания келесі нысандарды сумен жабдықтау және жылыту мақсатында республикада 0,5 млрд. куб метрге дейін сұйылтылған табиғи газды іске асыруды жоспарлап отыр:

  • Жеке меншік үй шаруашылығы;
  • Көп пәтерлі үйлер;
  • Өндірістік кәсіпорындар;
  • Коммуналдық шаруашылық және халыққа қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар.

Бүгінгі таңда-ақ құрылыстың жаңа нысандарын жасауда жобалаушылар мен құрылысшылар табиғи газды энергияның негізгі көзі ретінде одан әрі қолдану үшін таратушы газ құбырларының жүйесін қарастыра алады.

Табиғи газды халық шаруашылығында пайдаланудың бірден-бір артықшылығы оның экологиялылығы болып табылады. Отынның жану өнімдерінде күл, ыс, канцерогендер жоқ. Желсіз ауа райында елді мекендерде түтін тұрып алатын Қазақстанның табиғи жағдайын ескере отырып, бұл жану өнімдерінің болмауы үлкен артықшылық деуге болады. Жанған кезде қоқыс түзейтін көмірге қарағанда мұнда қалдықтарды іске асыру мәселесі де өзекті жармайды.

Экология мәселесі мемлекет үшін ең маңызды мәселе болып қалмақ, дәл сол себептен табиғи газ метанды енгізу және пайдалану мемлекеттік деңгейде қолдау тауып отыр.

СТГ жаңа мүмкіндіктері

Энергетика саласында сұйылтылған табиғи газдың аналогы жоқ. Магистралды газ құбыры жоқ жекелеген аудандарда тұратын халықты газ отынымен қамтамасыз ету белгілі бір уақытқа дейін мүмкін емес болып келді: мұндай технологиялар жоқ еді.

Болашақта Астанада баршаға үйреншікті магистралды газ құбырын жүргізген кезде тұрғызылған газ желілері газбен жабдықтаудың магистралды жүйесіне қосылатын болады, ал қайта газдандыру станциялары тұтынудың тәуліктік және мерзімдік шегін басатын болады

Астанаға Қазақстанның газдандырылған өңірлерінен газ құбырын жүргізу үшін кемінде 1,5 млрд. доллар мен ондаған жылдар талап етіледі, ал Global Gas Group ASTANA LNG 2020 жобасын іске асыруға 200 млн. доллардан астам қаражат пен біршама қысқа мерзім қажет. Жобалау құжатнамасын әзірлеуге, көптеген келісімдер мен рұқсат қағаздарын алуға, күрделі жөндеуге кететін уақытты қосатын болсақ, онда айырмашылық тіптен анық байқалады.

Жекелеген аудандарды газбен жабдықтау жүйесінің негізінде жатқан Global Gas Group компаниясының заманауи кешендері мен сұйылтылған табиғи газдың артықшылықтары келесіде:

  • Жобаны жасаудан оны іске асыра бастауға дейін бір жылдан аспайтын уақыт қажет;
  • Кешенді пайдалануға кететін шығындардың аз көлемі;
  • Кешеннің мобильділігі және автономдылығы;
  • Нысанның басқа энергия көздеріне тәуелді болмауы.

Газдандыру және алдағы болашақтың перспективалары

Бүкіл мемлекетті газдандырудың перспективаларын ашушы пионер – Астана мен шалғайдағы аудандарды қоса алғандағы газдандыру жобасының маңызын асыру айту мүмкін емес. Алдын ала есептеулер бойынша бүкіл жоба төрт жылға созылады. 2017 жылдың ақпан айының басында Астанада «Тұран» сұйылтылған табиғи газының қайта газдандыру кешенін Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет салтанатты түрде іске қосылуы атап өтілді. «Тұран» студиясы мемлекеттік және жеке меншік қазандықтарды жоғары сапалы және экологиялық қауіпсіз табиғи газды отынмен қамтамасыз ету бойынша жобаны одан әрі дамытуға жол ашып берді.

Открытие КРСПГ Туран 8 Февраля 2017 г.

СТГ муниципалдық және коммерциялық көлік сегментінде кеңінен қолдану жоспарланып отыр: аса төмен ауа температурасында жұмыс істейтін жолаушылар көлігі мен арнайы техникадан бастап ірі габаритті жүк көліктеріне дейін. Коммуналдық-тұрмыстық саладағы кәсіпорындар, зауыттар, фабрикалар және өндірістің басқа да нысандары табиғи газды пайдалана отырып, өз бюджетін біршама үнемдейді. Жеке меншік құрылыс секторының тұрғындары да жуырда метанның үнемділігі мен қауіпсіздігіне көз жеткізетін болады.

Баға – бүкіл әлем бойынша сұйытылған табиғи газды өткізуді анықтайтын басты белгі болып табылады. Сапасы жоғары СТГ технологиясының көмегімен алынатын газды отынның құны тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырады.

Бірегей технологиялардың мөлшерлемесі

СТГ технологиясының бірегейлігі оны шикізатты белгілі бір температураға дейін жылдам салқындата отырып, қарапайым табиғи газдан алынуымен шартталады. Нәтижесінде метан газ «концентратына» айналып, көлемі жағынан 600 есеге дейін азаяды. Бұл әдістің мәні осы концентратты алу үшін сырттан қосымша әсердің талап етілмеуінде. Газ құбырында газ беру кезіндегі қысым мен газды тарату кезіндегі қысым арасындағы айырмашылықтың арқасында пайда болатын осыған дейін қолданылмай келген «тегін салқындық» газды сұйылтады, СТГ өзіндік құнын біршама азайтады. Осыған дейін қолданылмай келген «тегін салқындық» осы инновациялық өңдеулерде бүкіл технологиялық процестердің нәтижесінде оны тұтынушыға одан әрі тасымалдау үшін газдың құбырдан арнайы цистернаға ауысуына жәрдемдеседі.

Грс4_4

Болашақта Global Gas Group – сұйылтылған табиғи газға арнап қаладан 50-80 км қашықтықта қоймалар салуды жоспарлап отыр, олар қажет болған жағдайда тұрғындар мен ұйымдар үшін отын қорын қамтамасыз етеді.

Табиғи газды арнайы криогеннді сыйымдылықтар мен қоймалардың көмегімен алыс қашықтықтарға тасымалдауға және сақтауға мүмкіндік беретін СТГ технологиясы магистралды газ құбырларынан қашықтықта жатқан Астана мен Қазақстанның солтүстік өңірлерінің газдандыру туралы арманын бүгінгі күні-ақ іске асырмақ.