Кері қоңырау

Панаёт Саулиди:
«Біз Астананы бес жылда газдандыра аламыз»

Саулиди«Global Gas Regazification» ЖШС директоры Панаёт Георгиевич Саулиди

Қаңтар айының басында БАҚ «Global Gas Regazification» ЖШС (Қазақстандағы «Газпром Экспорт» серіктесі) «Газпром Трансгаз-Екатеринбург» ЖШҚ өндірісінен автокөлік құралымен жеткізілетін СТГ табиғи газдың қалпына келтірілетін алты қайта газдандыру станциясын Астанаға енгізуді жоспарлап отырғаны хабарланған болатын. «Global Gas Regazification» ЖШС директоры Панаёт Саулиди «Къ» берген сұхбатында астананы газдандыру бойынша өршіл жоспарымен бөлісті.

– Астананы газдандыру жобасы жайлы айтып берсеңіз.

– Астана –бұл бас қала, экономика, жайлы тұрмыс және экология үшін қажетті алдыңғы қатарлы технология, дамыған инфрақұрылым және газ үшінерекше қала. Егер технология мен инфрақұрылым бұл қалада жақсы дамыса, газдың жағдай өзгеше. Қазір Астанада табиғи газ жоқ: Қазақстанда екі нүкте арасындағы қашықтық өте үлкен және бүгінгі күні магистралды газ құбырымен еліміздің барлық өңірі қамтылмаған.  Ашығын айтсақ, біз жоспарлағанның бәрін Қазақстан үкіметі әлдеқайда ойластырып қойған: 2014 жылы Астана қаласы мен Қазақстанның солтүстік өңірлері газдандырылуы тиіс, соның ішінде алдыңғы қатарда – сұйылтылған табиғи газ (СТГ) технологиясын қолдана отырып газдандлыру туралы қаулы шықты. Дәл сол кезде СТГ өндіру мүмкіндігіне ие серіктестерді іздестіре бастадық, себебі Қазақстанда әзірге мұндай технология жоқ.

Бүгінгі таңда Астана әкімдігімен қайта газдандырудың алты станциясының бәрін құру алаңына қатысты жоспарымыз бар. Бұл станцияларға сұйылтылған табиғи газ жеткізілетін болады, олар сенімді технологияны қолдану арқылы барлық тұтынушыларға үйреншікті метан газына айналады. Таңдау неліктен сұйылтылған табиғи газды пайдалану технологиясына қатысты жасалғанын түсіндіргім келеді: басқа нұсқалардың қатарында СТГ газдандыру процесі магистралды құбыр өткізгіш құрғанға қарағанда жылдам әрі арзан іске асырылады. Астананы баршаға үйреншікті әдіспен газдандыру үшін бір жарым миллиард доллардай қаражат қажет, ал біздің бағдарламаны іске асыру екі жүз миллион доллардан аспайтын қаражатты талап етеді. Көріп отырғаныңыздай, айырмашылығы айтарлықтай.

Іске асыру мерзіміне келетін болсақ: біз құрылыс-монтаж жұмысын жазда бастадық, ал бүгін іске қосу-жөндеу жұмыстарын аяқтап қалдық және тауар газын жіберуге әзірміз.

Бұл мерзім негіздеме, келісім алу және құрылыстың өзіне қажетті көптеген процедураларды қоса алғандағы, магистралды газ құбырының құрылысына қажетті ұзақ мерзіммен салыстыруға да келмейді.

Әлбетте, бір кезде Астанада баршаға үйреншікті магистралды газ құбыры орнатылады. Онда біздің газ желіміз магистралды газбен жабдықтау жүйесіне қосылады, ал біздің қайта газдандыру  станцияларымыз тұтынудың тәуліктік және мерзімдік шыңына жетуді қамтамасыз етеді. Оған қоса, станцияны жабдықтау мобильді – оны жөндеу және басқа алаңға көшіру қиын емес.

– СТГ өнім, отын ретіндегі сипаттамалары қандай?

– СТГ – бұл кәдімгі табиғи метан газы, онымен республикамыздың оңтүстігі жабдықталған. Тек біздің жағдайымызда бұл газ алдын ала -163° дейін салқындатылады.  Бұл процесте ол жануға қажетсіз қоспалардан тазаланады, оның күкірт құрамы, азот қоспалары бойынша көрсеткіштері жақсарады, соның арқасында газ кәдімгі құбыр газына қарағанда біршама жетілдіріледі. Арнайы сыйымдылықтарда ол айтарлықтай ұзақ қашықтықтарға тасымалдана алады. Біздің жағдайымызда тасымалдау автокөлік құралымен жүзеге асырылады.

Бұдан басқа СТГ өндіретін кәсіпорындар соншалықты көп емес деп айта аламын, Ресейде бұл біздің серіктесіміз «Газпром Трансгаз-Екатеринбург» компаниясы ғана. Олардың зерттемесі де, сызбасы да, конструкторы да, айтарлықтай тәжірибесі де бар: Олар Екатеринбургте табиғи газды сұйылтатын ГРС-4 базасынақондырғы тұрғызды.

– Астана нарығында қандай тауашаға үміт артып отырсыздар?

– Қазіргі уақытта бізде ықтимал тұтынушылардың үш тобы бар. Біріншіден, бұл коммуналдық-тұрмыстық және өндірістік кәсіпорындар. Екіншіден, бұл автогаз – көлікті, негізінен арнайы техника мен жолаушылар көлігін газды отынға ауыстыру. Үшінші бағыт – Астананың жеке меншік құрылысшыларының аудандарын газдандыру. Алғашқы екі топ, әлбетте, экологиялық құрамынан кейін, біз үшін көбінесе коммерциялық қызығушылық тудырса, жеке меншік секторды газдандыру мемлекеттің қатысуының жоғары деңгейін қарастырады, ол бастамашылық жасаудан бастап, демеуқаржыға дейінгінің бәрі қамтиды.

Біз газдандыру бағдарламасын 2021 жылға дейін аяқтауды көздеп отырмыз, оны іске асыру нәтижесінде жылына 300 мың тоннаға дейінгі сұйылтылған табиғи газды жеткізу жоспарлануда. Бұл біздің алға қойған едәуір өр мақсатымыз, оған қол жеткізу үшін еңбектену керек. Бірінші сатыда СТГ Ресей Федерациясының аумағынан тыс жерлерге сатудың айрықша құқығына ие  «Газпром Экспорт» ұйымымен жылдық контрактқа қол қоюымыз. Бірінші саты лайықты нәтиже береді деп жоспарлануда, сөйтіп, біз келесі жылы ұзақ мерзімді контрактқа қол қоямыз, ол бізге Астананың жылу энергетика нарығында мықты ұстанымды ұстанып, жоспарымызды іске асыруға мүмкіндік береді.

– «Газпром Экспорт» және Global Gas Regazification арасындағы контракт жеткізудің қандай көлемін болжап отыр?

– 2017 жылға бес мың тоннаға қатысты контрактқа қол қойылды. Әрбір келесі жылы іске асыру, сәйкесінше, жеткізу көлемін ұлғайту болжануда. 2017 жылы-ақ қолданыстағы газ өткізгіш желілерін ұлғайтамыз, әзірге тек кммуналдық-тұрмыстық және өндірістік кәсіпорындар үшін. 2017 жылы «Астана ЛРТ» ЖШС көлік құралына газды моторлы отын ретінде СТГ ұсына отырып, ынтымақтасуды бастауды жоспарлап отырмыз. Біздің компаниямыз бен әкімдік арасында қол қойылған меморандум да бар, ынтымақтастықтың болашағы мен бүгінгі жағдайды жақсы түсінеміз. Бәлкім, жуырда экспериментті сынаудағы автобусты іске қосуымыз ықтимал. Одан кейін тікелей мемлекеттің қатысуымен 2018-2019 жылдың қыс мезгілін алғашқы 500 жеке меншік үй газбен өткізеді деп жоспарлап отырмыз.   2021 жылға қарай жылына 300 мың тонна сұйылтылған табиғи газ  көлемін іске асыру жоспарымызда бар.

– Әрдайым мемлекеттік қолдауға сенім артамыз деп айтасыз. Оны қандай форматта көріп отырсыздар?

– Иә, осы мәселеге толығырақ тоқтасам деймін. Мемлекеттің қатысуы дегеніміз тек қана қаржылық қолдау емес, мемлекетте әкімшілік ресурс та бар, біз содан үміткерміз. Мемлекеттік және муниципалдық билік басым бағыттарды, мысалы, атмосфераға зиянды қалдықтарды шығаруды азайту сияқты бағыттарды көрсете отырып, көптеген кәсіпорындардың, институттардың және экологиялық ұйымдардың даму векторын белгілеп береді. Ал біз, өз кезегімізде, маңызды, әсіресе, Қазақстанның солтүстік қалаларындағы бірқатар экологиялық мәселелерді шешетін құралға ие болып отырмыз.

– Астананы газдандыру бойынша жоспарларыңызбен бөліссеңіз.

– Биылғы жылы техникалық жағдайларын өңдеуге өтініш берген кәсіпорындар қосылады: Қорғаныс университеті, «Қазақстан Ғарыш Сапары», Назарбаев Зияткерлік мектебі, сонымен қатар қазіргі уақытта«Тұран» қайта газдандыру станциясынан Назарбаев университетіне дейінгі газ құбырын өткізу жолындағы мекемелер.

Биыл ЭКСПОның оңтүстігіне қарай орналасқан велотрек, «Алау», «Астана Арена» сияқты спорттық ғимараттарға да газ жүргізуді жоспарлап отырмыз.

Әлбетте, екінші, үшінші кезектегі құрылыстарымыз да жоспарланған. Өзін өзі мәлімдеп үлгерген тұтынушылар да, ықтимал тұтынушылар тобы да бар. Өкінішке орай, қалаушылардың бәрін бірден газдандыра алмаймыз – құрылыстың бірінші сатысында инфрақұрылыс мен өндірістік қуыт жеткіліксіздеу. Бүгінгі күні СТГ тасымалдауға он екі цистерна сатып алдық. Astana Solar ауданында Е-56, Е-65 жобаланатын көшелердің қиылысында кешен тұрғыздық. «Тұран» кешенінде қазір іске қосу – жөндеу жұмыстары аяқталды. Назарбаев университетіне дейін ұзындығы бес километр болатын реттегіш газ құбыры салынды.

2017 жылы қайта газдандырудың «Тельман» екінші станциясын тұрғызып, іске қосамыз, онда СТГ екі жүз тоннасын сақтауға арналған станционарлық сыйымдылық орналасқан. Ол Орталық клиникалық аурухана мен бірқатар басқа объектілерді газбен қамтамасыз етеді деп жоспарлап отырмыз. Екінші станцияны іске қосу біздің жүйеміздің өнімділігін сағатына жиырма екі мың куб метрге дейін ұлғайтады. Әрбір келесі салынған станцияның қуаты сағатына он бес мың куб метрге дейін жететін болады.

– Астананы газдандыру бағдарламасы қандай қаражаттың есебінен қаржыландырылады?

– Өздеріңіз болжап отырғандай, дамудың бастапқы сатысында тұрған біздің жобамызда қаржы мәселесі өте өзекті болып келеді. Қазір даму институттары мен банктердіңқаржыны жобаның негізін қалаушылардың айтарлықтай көлемде қаржылық қатысуында ғана беруі жағдайды қиныдата түседі. Қазіргі кезде біз жобаны іске асырудың алғашқы екі сатысына БРК-Лизинг келісіміне қол қоюды жүзеге асырудамыз.

Жағдай біз қалағандай бірқалыпты емес. Бұл бірегей жоба болғандықтан, біз бәрі оңай болады деп ойладық. Оның үстіне Астана мен Қазақстанның солтүстік өңірінде әзірге бұл өнім беймәлім болып келеді. Бүгінде Global Gas Regazification – инновациялық өніммен монополиялық нарыққа шыққан өршіл мақсаты бар жас компания. Сол себептен ықтимал инвесторлар бізді газбен жабдықтаушы салмақты компания ретінде қабылдамауы әдбен мүмкін. Оған қоса, біз реттегіш газ құбырының жүйесі жайлы мәселе қозғап отырмыз, ал бұл  қаланы, нысандарды, толықтай алғанда бүкіл өңірді табиғи газбен әрдайым үздіксіз жабдықтау дегенді білдіреді. Бұл ұлттық газ операторы немесе қандай да бір басқа оператор пайдалана алатын газ құбырының жүйесі, ол болашақта газды магистралды құбыр өткізгіш арқылы жеткізуді жүзеге асыра алады.

30 қаңтарда Екатеринбургте ҚР газдың алғашқы партиясын салтанатты  түрде жіберу және РФ жобаның ашылуы өтті. 8 ақпанда біз осында – Астанада «Тұран» станциясын ресми түрде ашамыз. Осыдан соң біздің жобамыздың мәртебесі тек қағаз жүзінде ғана емес, сонымен қатар ықтимал серіктестеріміздің санасында да өзгерер деп үміттенеміз.

Астана – бұл алғашқы жоба. Одан соң Қазақстанның солтүстік өңірін газдандыру жоспарымызда бар, өйткені онда дәл біздікіндей экологияға қатысты қиындықтар бар. Біздің объект қаншалықты Ресей Федерациясының шекарасына жақын орналасса, СТГ бағасы соншалықты арзан болуы мүмкін екенін атап өткім келеді, себебі оның шарттары мен логистикаға деген шығындары өзгереді. Бағаны дизельдік отынның бағасымен салыстырғанда 30%-дан 50%-ға дейінгі аралықта ұстауды жоспарлап отырмыз. Бірақ, бұл әрине, «Газпром Экспорт» позициясына байланысты. Астанаға газды Ресей территориясына СТГ  жеткізу бағасымен салыстырмалы түрдегі бағамен жеткізу мүмкіндігі үшін серіктестермен аз жұмыс жасамадық. Сондай-ақ соңғы тұтынушыға жететін газдың бағасы қалалық және мемлекеттік инвестициялардың көлеміне де байланысты болмақ. Мысалы, өзіміздің кешен мен газ құбырына дейінгі жолды біз өз есебімізден салдық және экономикалық модельді есептеуде, өзіндік құн мен нарықтық ұсынысымызды жасауда бұл шығындардың бәрі есепке алынары хақ.

– Валюта тәуекелінен қорықпайсыз ба? Құрал-жабдықтың бәрін доллар бағасымен сатып алатын шығарсыз, рубль де қымбаттап барады.

– Валюталық тәуекел есептелген, бүгінгі күні доллардың бағамына бағынышты емеспіз. Сондықтан негізгі критерий болып табылатын теңге мен рубль арасындағы паритет 5-5,5 теңге диапазонында соқталады деп ойлаймын. Біздің ресейлік серіктестеріміз бағаны валюталық бағамның есебінсіз құрайды.

Құрал-жабдықтың біразын Қытайдан алдық – ол СТГ тасымалдауға арналған цистерналар. Басқа құрал-жабдықтар – ресейдікі, сол себептен бұл мәселеде тәуекел басым емес. Оған қоса, Ресейден әкелген құрал-жабдықты болашақта Қазақстанның кәсіпорындарында да жасай аламыз, біздің зауыттардыңкелесі жылы станцияларымызда жұмыс істейтін құрал-жадбықтың көбін шығару мүмкіндігі бар. Бұл, мысалы, Алматы қаласындағы «Белкамит» болуы мүмкін.

– Қазақстанға газ жеткізудегі ресейлік тараптың қызығушылығы неде? 

– Ресейдің тарапынан сауда мен пайда табу сияқты мәселе жоқ. Олар үшін бұл бағытты бастап, дамыту дұрыс. Бүгінгі күні Ресейде СТГ өнім ретінде де, газбен жабдықтау жүйесі ретінде де әлсіз дамыған. Ресейде қалалар арасындағы қашықтық осындағыдай, тіпті, одан да аошақ десек қателеспеспіз, ал магистралды газ құбырының жүйесі Қазақстандағыдай бүкіл территорияның 45%-ын ғана қамтиды. Сәйкесінше, ҚР өңделетін технологиялар болашақта Ресей территориясында да қолданылуы мүмкін.

СТГ үздіксіз жеткізу мәселесі көбін алаңдатады, «Газпром» ертең газ жіберуді тоқтатса қайтесіз?» - деген сұрақ бізге жиі қойылады, мен оған: «Мәселенің саяси жағы кез келген жерде болады. Алайда халықаралық қатынастар аясында жылу энергетикалық кешенді жеткізушілердің арасында жаһандық өзара байланыс бар. Оған қоса, біз контрактқа қол қойғанбыз, онда екі тарапқа да бірдей қолданылатын белгілі бір санкциялар қарастырылған».

– Экология мәселесіне қайта келсек: Жеке меншік секторды көмірден газа ауыстыруды қашанға жоспарлап отырсыздар?

– Қазіргі кезде біз жеке тұтынушылармен серіктестігімізді үдетпейміз. Заң бойынша біз газбен жабдықтаудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіспіз, бірақ бүгінде жобаның бастапқы сатыда болуына байланысты біз қандай да бір кепілдемелер бере алмаймыз, себебі біздің  бизнес-процесстеріміз әзірге бір ретке келтірілмеді. Барлық кәсіпорындардың заң бойынша кез келген бас отынының сұйыққоймасы болуы керек, алайда жеке меншік секторға бұл норма қолданылмайды. 2018 жылға дейін бүкіл процесстерді реттеп, жеке меншік тұтынуды жабуға қажетті көлемде үздіксіз жеткізуді ретке келтіруді жоспарлап отырмыз.

– Астананың үш ЖЭС жұмыс істейсіздер бе?

– Біздің ЖЭС-мен жұмыс істеу жоспарымызда жоқ, бірақ Астананың индустриялық аймағында жұмыс істеуді жоспарладық. «Индустриялық» станциясының құрылысына арналған алаңымыз да бар. ЖЭС дизельдік қазандыққа қарағанда көмір отынынан газға ауыстырудың шығыны өте көп, ол үшін жаңа ЖЭС, сонымен қатар қолданыстағы инфрақұрылымдағы газ отынын пайдалануға мүмкіндік беретін құрылыс кешендерін тұрғызу керек. Одан басқа ЖЭС үшін магистралды газ құбыры қажет, ал бұл мемлекеттік бағдарлама. Сондықтан ЖЭС – біздің тұтынушымыз емес. Бүгінгі күні дизельді пайдаланатын кішігірім қазандықтар нағыз біздің клиентіміз. Біз мұндай қазандықтарға көмір қолданылмайтын бағдарламаны пайдаланбақпыз, бұған экологиялық қорлар қаржы бөледі.

Қорытындылай келе, экология – бұл бізді толғандыратын ең бірінші әрі басты мәселе екенін, сондай-ақ  түгелдей бағдарламамызды және әрбір жеке жобаны іске асырудағы ең басты мәселесі екенінайтып өткім келеді. Жану өніміне және қоршаған ортаға шығарылатын қалдықтарға деген қатынасымызды өзгертпесек, желсіз күні экологиялық апат орын алатынын соңғы болған тұмша тағы бір рет дәлелдеп берді. 

"Курсив.kz"