Кері қоңырау

Астана қ. мен ҚР солтүстік өңірлерін СТГ технологиясының негізінде кешенді газдандыру

Грс4_6

Global Gas Group – LNG (Liquefied Natural Gas, сұйылтылған табиғи газ (СТГ) саласында мамандандырылған қазақстандық компаниялар тобы. Қазақстан Республикасының нарығында 2015 жылдан бері қызметін жүзеге асырады.

СТГ магистральдыға балама болып келетін одан әрі тауар газына айналдырып цистернаның көмегімен («виртуалды газ құбыры») Қазақстанға табиғи газды жеткізу үшін қолданылады.

Global Gas Group қызметінің негізгі бағыттары:

· СТГ технологиясының потенциалын тиімді пайдалануға арналған газ инфрақұрылымының құрылысы (құбыр өткізгіш желілер, таратушы станциялар және басқа);

· СТГ өндірісі;

· Құрлықтағы тасымалдау және газ логистикасы (авто- және тж тасымалдау, сақтау);

· СТГ табиғи газды өндіру (қайта газдандыру);

· Астана мен Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі нарықтың автокөліктеріне газ моторлы отынды енгізу және дамыту, Қазақстан аумағында, сонымен қатар жібек жолы бойында СТГ-отынын дамыту.

IMG_20161115_162558.jpg

Жоба идеясы:

Қолданыстағы автономды жылу негіздердің энергия тасымалдаушыларын LNG инновациялық технологиясын пайдалана отырып табиғи газға алмастыру. Табиғи газ неғұрлым экологиялық энергия тасымалдаушы болып табылады, максималды жайлылыққа және қолдану кезіндегі төмен эксплуатациялық ұстамдылыққа иа, табиғи газдың құны дизельдік отынға және электр энергиясына қарағанда төмен.

Жоба мақсаты:

1. Автономды қазандықтарды және жеке меншік секторды газдандыру – автономды қазандықтарды сұйық отыннан, ал жеке меншік секторды көмірден табиғи газға ауыстыру.

2. Күрделі құрылыс нысандарын салу арқылы, қалалық газ таратушы жүйесін дамыту арқылы сенімді газ инфрақұрылымын құру.

3. Автокөлік пен арнайы техниканы табиғи газға ауыстыру, көлікке арналған газ инфрақұрылымын дамыту.

4. СТГ өндірісі бойынша дербес қуатты құру, энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Ұсынылатын жобаны жоспарлы түрде және уақтылы іске асыру келесідей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

1. Жеке меншік үй-жайлардағы халықты көмір мен дизельдік отынды пайдаланудан бас тарту мүмкіндігі пайда болады, табиғи газ тұтынушылардың бұл тобын үші жылу және ыстық  сумен қамтамасыздандыратын (ЫСҚ) ыңғайлы, қауіпсіз, жайлы әрі тиімді отын түрі болып табылады.

2.; Жеке меншік үй-жайларда тұрып, автономды қазандықтарды пайдаланатын халық қала мен облыстың экологиялық жағдайын әлдеқайда жақсартады.

3. Қалалық қоғамдық көліктің тиімділігін көтеріп, қызмет құнын төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ автокөлікке арналған отынды 50% дейін үнемдеуге және де көлік пен арнайын техникадан бөлінетін зиянды заттарды 85%-ға қысқартады. Көліктің мұндай түріне қалалық және қалааралық автобустар, жүк көлігі, қалалық арнайы техника жатады.

4. Әлеуметтік нысандар (сауда орталықтары, спорт – ойын-сайық нысандары, оқу және медициналық мекемелер және т.б.) – жылуға кететін шығындарды біршама азайтады, нәтижесінде олар ұсынатын қызмет түрлерінің құны да төмендейді немесе мемлекеттік бюджетке түсетін жүктеме де қысқарады.

5. Табиғи газды және газ құбырларын таратушы жүйелерді пайдалану қала тұрғызушылар мен құрылысшыларға инженерлік желілерді жобалау және автономдық қазандықтарды құру кезінде жаңа құрылғыларды ұсынады.

6. Инвесторлар газбен жабдықтау нысанына ие болады, оның негізгі сипаттамасы болжалды кірісі бар ұзақ мерзімді тұрақты ақша ағынын түрлендіру қабілеті.

7. Қазақстанның отынға деген қажеттілігі өсіп келе жатқан өңірлерін газбен қамтамасыз етуге үшін СТГ өндірісіне арналған ҚР өзінің дербес қуатын құру.

8. Магистральдық және ауыл аралық газ құбырлары құрылысының өзін-өзі ақтауының мерзімін азайту, себебі олар елдімекендерге құрастырылған газ инфрақұрылымымен және тұтыну жүйесімен жеткізілетін болады.

9. Коммуналдық және өндірістік кәсіпорындардың энергетикалық тұрақтылығын жылумен қамту жүйесіне отынның екінші түрін қосу есебінен 2 есеге көтеру.

10. ҚР газбен қамту жүйесінің сенімділігін СТГ газбен қамту негіздерінің апатты көзі ретінде сақтау жүйесін пайдалану мүмкіндігінің арқасында көтеру.

big_tmpphpFlwhs3145398813656aa192822a4d.jpg

Бүгінгі таңда СТГ Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану тәжірибесі келесі іске асырылған кейстермен ұсынылған:

· 2017 жылдың мамырынан Назарбаев Университетін газбен жабдықтау жүзеге асырылады;

· 2017 жылдың маусымынан қыркүйек айына дейін өткізіліп жатқан Astana EXPO-2017 бүкіләлемдік көрмесі аясында газды қалалық автобустарды сығылған табиғи газбен (СТГ) толтыру жүзеге асырылды;

· 2017 жылдың қарашасынан Қазақстан Республикасының «Қазақстан Ғарым Сапары» ҰК» Ұлттық ғарыш орталығын газбен жабдықтау жүзеге асырылып жатыр.