Кері қоңырау

Жиі қойылатын сұрақтар

СТГ дегеніз не?

Ответ:

СТГ (LNG) – бұл сұйылтылған табиғи газ (Liquefied Natural Gas), метан (СН4). Ол үйреншікті тауар газын конденсация (-161,5 °С) температурасына дейін салқындату жолымен алынады, нәтижесінде сұйықтыққа айналады. Газдың көлемі компрессияны қолданбай-ақ төмен температуралардың әсерінің есебінен 600 есеге азаяды және де бір мезгілде қоспалардан тазартылады, соның арқасында ол тазара түседі және қолданудың барлық типіне арналған жанармай ретінде тиімді болады.

СТГ сұйылтқыш қондырғыларда (зауыттарда) өндіріледі. Нәтижесінде ұзақ уақыт бойы (70 күнге дейін) ыдыс ішінде төмен температураны сақтай алатын арнайы криогеннді сыйымдылықтарда ол сақтау станциясына (ұзақ уақыт сақтау үшін) немесе сұйылтылған табиғи газды қайта газдандырудың оқшауланған, не болмаса, жүйелі станциясына тасымалданады, онда ол тұтынушыға жеткізер алдында үйреншікті тауар газына айналады.

Сөйтіп, сұйылтылған табиғи газ жанармайдың жекелеген түрі болып табылмайды. Бұл сақтау және тасымалдау технологиясы құбырсыз газдандыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, жеткізушілер үшін де, тұтынушылар үшін де жанармайдың басқа түрлеріне қарағанда талассыз артықшылықтарға ие баршаға үйреншікті табиғи газдың агрегатты жағдайдағы түрі деуге болады.

СТГ (сұйылтылған табиғи газ) СТГ (сығылған табиғи газ) және СКГ (сұйылтылған көмірсутек газы) немен ерекшеленеді?

Ответ:

СТГ – бұл компрессиясыз -161,5°С өте төмен температурада сұйық түрде болатын сұйылтылған табиғи газ метан СН4. Кәдімгі атмосфераға түскен кезде жылдам қалыпты газ тәріздес күйге айналады да, көлемінде 600 есеге ұлғаяды және ызғар бөледі. Жоғары тығыздығы мен аз көлемі СТГ крио сыйымдылықтарда сақтауға және алыс қашықтықтарға тасымалдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ үздіксіз пайдалану немесе қашық логистикалы көліктің жоғары қуатты қозғалтқыштарына жанармай ретінде пайдалануға ыңғайлы.

СТГ – 200-250 бар қысымда жататын сығылған (қысылған) табиғи газ метан СН4, ол тауар газынан компрессорлық станцияларда өндіріледі және, көбінесе, төмен және орташа қуатты қозғалтқыштар үшін жанармай ретінде қолданылады. Газ моторлы жанармайдың неғұрлым кеңінен таралған түрі болып табылады. Қысымды ұстайтын арнайы баллондарда сақталады және тасымалданады. Ауадан жеңіл және бөлмеде жиналмай, лезде буланады.

СКГ – сұйылтылған көмірсутек газы (С3Н8, С4Н10 - пропан-бутанды, ТПБҚ), қоспасының құрамына байланысты 0-ден -40 °С-ге дейінгі қайнау температурасындағы ілеспе мұнай газының өнімі болып табылады, соның арқасында қысқы төмен температураларда осал болып келеді. ТПБҚ газгольдерлерде немесе қысымы 1,6 Мпа дейін жететін арнайы сыйымдылықтарда сақталады және көлікке арналған жанармай ретінде кеңінен қолданылады, ал жекелеген шаруашылықтарда өте сирек қолданылады (қымбат тұратын инфрақұрылымына байланысты). СКГ ауадан ауыр, жерге қонады және өртке әрі жарылу қаупі бар зат болып табылады. Дизельдік жанармай мен мазуттан озады, бірақ қазандықтар мен көлікке арналған жанармай ретінде тиімділігі және экологиялық көрсеткіші жағынан табиғи газбен салыстырғанда әлсіздеу.

Көпшілік газ Астананы түтіннен арылтуға және экологияны жақсартуға көмектеседі дейді. СТГ ластану жағдайына қалай әсер етпек?

Ответ:

Ауыр жүзгін, күлді тозаң және көмір, мазут, дизель және тас көмірдің басқа да жану өнімдері желсіз күні атмосферада қалып, тұрғындар үшін айтарлықтай жайсыздық тудырады және экологтарды алаңдатады. Астана қаласын газдандыру жобасы аясында қала мен өңірдің экологиясына келетін жағымсыз әсерді әлдеқайда азайтуға болады.

Табиғи газды магистральды газ құбыры жоқ өңірлердегі тұтынушыға тиімді жеткізуге мүмкіндік беретін СТГ технологиясы экологиялық жағымсыз энергия ресурстарын ауыстыруға мүмкіндік береді.

Табиғи газ (метан) жану қазбаларының ішіндегі ең экологиялылығы болып табылады және қазіргі кезде көмірқышқыл газының шығарылуын азайту үшін бүкіл әлемде қолданылады. Көмірмен салыстырғанда табиғи газ көмірқышқыл газы мен күкіртті әлдеқайда аз бөледі. Сұйылтылған табиғи газдың иісі, түсі болмайды, өртке қауіпсіз -және жарылу қаупі жоқ, химиялық жағынан улы емес. СТГ 75-99%-ға метаннан тұрады.

Метанның молекуласында көміртектің бір атомына сутектің төрт атомы келеді. Бұл элементтердің мұндай оңтайлы ара қатынасы басқа ешқандай көмірсутекте кездеспейді. Негізі метаннан құралған табиғи газға келетін болсақ, энергияның бір бірлігі өңделген кезде басқа энергия тасымалдаушыларға қарағанда аздау көмірқышқыл газы бөлінетінін білдіреді. Сөйтіп, пропанда көміртектің бір атомына сутектің 2,7 атомы келеді, мазутта бұл көрсеткіш бұдан да аз.

Қоңыр көмір жанған кезде көміртектің диоксиді бойынша ең нашар көрсеткіш: әрбір өңделген энергия бірлігіне табиғи газдікіне қарағанда жылыжай газ екі есе көбірек бөлінеді. Тіпті ең таза көмір технологиялары қайта газдандырылған СТГ негізінде өндірілетін электр энергиясына қарағанда өміршеңдік кезеңнің жылыжай газдарын 70 пайызға көп өндіреді.