Кері қоңырау

Басшы блогы

Қош келдіңіздер! Бұл блокта Қазақстан өңірлерін газдандыру келешегі туралы және түгелдей газбен қамту, энергия тиімділік және көлік пен өндірістік қажеттілікке арналған экологиялық таза жанармай саласы жайлы, «жасыл» экономика принциптерін ұстануымыз және қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қамқорлық жайлы өз тілегіңізді білдіріп, пікіріңізбен бөлісіп, сұрақтарыңызды қоюға мүмкіндіктеріңіз бар.


Гончаров
ГОНЧАРОВ
Олег Юрьевич
Global Gas Group бас директоры

1965 жылы 6 шілдеде Свердловск қаласында КСРО дүниеге келген.
Білімі жоғары – Свердловск Тау-Кен Институты, Геологиялық барлау факультеті.

1988 жылы өзінің алғашқы кәсіпорнын ашып, 25 жылдан астам өндіріс саласында коммерциялық қызметпен айналысуда.

Газбен қамту саласында едәуір тәжірибесі бар. 1997 жылдан бастап Алматыгаз АҚ холдингісінің директорлар кеңесінің мүшесі болды. Дағдарысқа қарсы басқару құралдарын қолдана отырып, кәсіпорынын табысты түрде қайта құрды, ол болса 2005 жылы «Казтрансгаз» АҚ мемлекеттік газ транспорттық жүйесінің құрамына енген.

2005 жылдан бастап табиғи газды алу және қайта өңдеу саласында жаңа өнімді өңдеуге инвестициямен айналысуда.

2014 жылдан бастап Қазақстанда сұйылтылған табиғи газды пайдаланудың кешенді бағдарламасын іске асырады.








Саулиди



САУЛИДИ
Панаёт Георгиевич
Global Gas Regazification директоры

Global Gas Regazification компаниясының құзырына жобаларды толық көлемдегі техникалық және технологиялық іске асыру әрекеттері, яғни, өндірістік станциялар мен желілерді жобалау жәнеқұрудан бастап, оларды пайдалануға дейінгі әрекеттер жатады.

1972 жылдың 14 қаңтарында Алматы облысында дүниеге келді.

Білімі жоғары – 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік Архитектуралық-құрылыс Академиясының «Жылумен газбен жабдықтау және желдету» мамандығын, 2008 жылы «Экономика» мамандығын тәмамдады.

Еңбек жолын газ саласында 1995 жылы ұста ретінде бастайды. Әр жылдары газ құбыры жүйесінің құрылысы мен оны пайдалану саласының маманы болып қызмет етіп, қатардағы қызметкерден жетекші газ компанияларының негізгі басшы лауазымына дейін көтерілді.

2011 жылы «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ күрделі құрылысының Директоры болып тағайындалады.

2016 жылдан бастап « Global Gas Regazification» ЖШС Директоры болып табылады.





Сұрақ қою
Сұрақ бар ма?
Сұрағыңызды қойып, жетекшінің жауабын алыңыз
25 сәуір
Сергейнің сұрағы
Сәлеметсіз бе! Имеются ли у вашей компании возможности и опыт строительства малогабаритных установок по сжижению нефтяного газа с содержанием метана 80%?

Ответ:
Сәлеметсіз бе, Сергей мырза!
Біздің компаниямыз таныс және құрамында метан 80%-дан жоғары СТГ алу мақсатында табиғи газды сұйылтатын шағын көлемді салуға мүмкіндігі бар.
Бүгінгі күні мұнай газымен жұмыс істеу «Global Gas Group» ЖШС құзыретіне кірмейді. Табиғи газдан айырмашылығы, мұнай газы құрамында метан, этаннан басқа, пропан, бутанның және ауыр көмірсутегі буының үлкен үлесі бар

6 ақпан
Валерийның сұрағы:
180МВт электрлік және 500Гкал жылу қуатымен ЖҚО-ты СТГ-бен қамтамасыз ету қаншалықты шынайы?

Ответ:
Бәлкім, сіз, Валерий, өз сұрағыңызда біздің жоба шеңберіндегі когенерация принципін (жылу және электр қуатын бірлесіп өңдеу) жүзеге асыру мүмкіндігіне қызығушылық таныттыңыз.
Сөзсіз, бұл шынайы! СТГ технологиясының көмегімен электр қуатымен және жылумен ЖҚО-ты ғана емес, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бүкіл мемлекетті қамтамасыз етуге болады. Солай, мысалы, Жапония, өз аймағының сейсмикалық және ресурстық ерекшеліктеріне қарай шеттен әкелінген сұйылтылған метанның көмегімен өз тұтынушыларын қуаттандырып отыр (2015 жылы Жапония 85 миллион тонна СТГ сатып алып қойған).
Бірақ жобаны орындау кезінде біз жетекшілік ететін кейбір шектеулер бар: Астананы газдандыруының соңғы схемасында астаналық ЖТО магистралдық газ құбырының көмегімен қамтамасыз ету ескерілген, сондықтан оларды СТГ технологиясымен газдандыру нысаны ретінде біз қарастырмаймыз.

31 қаңтар
Alibek1 сұрағы:
Апта сайын қазақстандық БАҚ оңтүстік аймақтардан Астанаға дейінгі магистралдық құбыржолдың құрылысы жайлы жазады. Қалыпты газдың астанаға келуі сіздің жобаңыздың орындалуына қалай әсер етеді?

Ответ:
Магистралдық құбыржолдың астанада салыну жобалары 17 жылдың көлемінде талқыланып келеді. Бірақ бұл шешім мемлекеттік деңгейде осыған дейін әлі қабылданған жоқ, негізгі себеп – экономикалық тиімділіктің болмауы. Ірі тұтынушылардың, ЖЭО сияқты, сондай-ақ зауыттар мен фабрикалардың барлығы газ құбырларына қосылғанда ғана газ құбырының орны толтырылады. Қазіргі кезде Астанада мұндай нақты экономикалық алғышарттар жоқ.
Өз кезегінде, біздің жоба қалада және аймақта инфрақұрылым жасауға құрылған, осылайша МҚ құрылысы бойынша оң шешім қабылдауға ықпал жасайды. Сөз ретінде, дәл осы туралы Елбасы 2017 жылдың 8 қарашасында Қостанайдағы біздің жобаның таныстырылу рәсімінде айтып өткен.
Сондықтан, «қалыпты» газдың астанаға келу болашағы біздің жобаның және жалпы газбен тұтыну жүйесінің одан да қарқынды дамуына мүмкіндік береді.

13 желтоқсан 2017
Максим045 сұрағы:

Сәлеметсізбе! Қазандықтыгазғаөзгертіпжабдықтаунұсқасынқарастырыпжатырмыз. Кәсіпорындықосудыңтарифтері мен құнықызықтыруда. Солярка сияқтыжағдайтуындамайдыдепүміттенеміз, бағаәрдайымөсіпотырады, бірлитрге 230 теңгетөлегімізкелмейді.

Ответ:

Сәлеметсіз бе!Сіздің жолдауыңызға келесіні хабарламыз.

Бүгінгі күні Астана қаласының тұтынушыларына жүзеге асырылатын1м3 тауар газының құны 110 теңгені құрайды.

Нарықтық коньюнктураны, ҚР территориясына тауар газын алуға арналған сұйылтылған табиғи газды өндіру және жеткізу шарттарын есепке алсақ, газдың бағасы өзгерістерге ұшырайтыны анық. Бұл орайда, біздің компаниямыз қолданатынбаға саясатының принциптерін алатын болсақ, 1 м3 газдың бағасы қайткен күнде де 1 литр дизельдік отынның бағасынан 30%-ға төмен болады.

Газға қосылу мәселесіне келетін болсақ, бүгінгі күні қосылудың өзіне біздің компания ақы алмайды. Қосылу кезінде Тұтынушы газды іске қосу – жөндеу кезіндегі пайдалану көлемі үшін ақы төлеуге тиіс. Қосылу процесіне жобалау құжатнамасы бойынша жұмыстарды әзірлеу және құрылыс-монтаждау жұмысы енбейтінін ескертеміз.

18 қараша 2017
Қайырлы кеш! 20 мектеп, Чехов, Орда, Медеу және т.б. көшелерінің ауданындағы жеке меншік секторға қашан газ жүргізетінін білейін деп едім. Жеке меншік секторға газ жүргізіледі ме, әлде Сіздер бірінші кезекте бүкіл назарбаевтың мұражайларын, мектептерді және кәсіпорындарды ғана газдандырасыздар ма?
Ответ:
бөлігі болып табылады. Оны іске асыру үшін қазіргі кезде Мемлекеттік-Жеке меншік ынтымақтастық (МЖКЫ) жобасы жасалуда, оның аясында қажетті инфрақұрылым, газ құбыры, реттеушілік пункт және т.б. құрылысы жоспарланып жатыр. МЖКЫ шарты мақұлданып, құрылған жағдайда жеке меншік құрылысының аудандарын газдандыруды 2019 жылы бастауды жоспарлап отырмыз. СТГ газдандыру технологиясына сәйкес газды тұтынудың тұрақты режимін қалыптастыру үшін бірінші кезекте газбен жабдықтау жүйесіне ірі, зәкірлі деп аталатын тұтынушылар қосылады. Артынан неғұрлым сыйымды нысандар, мысалы, жеке меншік үйлер, қоғамдық тамақтану пункттері және басқа коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар қосылатын болады.
7 қыркүйек
Кайман Марановичтің сұрағы
«Бір жыл бұрын сіз 2021  жылға қарай Астананы газдандыруға уәде бердіңіз, біз, Көктал кентінің тұрғындары, табиғи газ келуін асыға күтіп отырмыз. «Сарыарқа» газ құбырын салу жобасын бекіткеннен кейін  сіздің жоспарларыңыз туралы басқа ештеңе естілмейді.   Айтыңызшы, кентте газ қашан болады? Түтінге тұншығудамыз»
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Жол картасына сәйкес 2015 жылы «Global Gas Group» компаниялар тобы бекіткен «Astana LNG 2020» жобасы «виртуалды газ құбырын салу» арқылы 2021 жылға қарай СТГ технологиясының көмегімен Астананы толықтай газдандырудың жүзеге асыруды жоспарлап отыр. 2018 ж. наурызда «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу бастамасынан кейін, біздің жобасымыздың негізінде жатқан құбырсыз газдандыру әдісі мемлекеттік билік органдарының түсінігінде өзекті емес және перспективасыз деген жаңсақ пікір қалыптасқаны сөзсіз. Сонымен бірге көпшілік құбырдың тезірек келуін «күту режиміне» көшті. Ешкімнің кңілін қалдырғым келмейді, бірақ бұл сіз қалағандай, тез бола қоймайды.,

Астананың айналасын қайта газдандыру станциялары желісін салу мақсатқа сай емесі айқын, бүгін біз Солтүстік Қазақстан аумағында құбырсыз газдандыру жобасын белсенді түрде дамытудамыз. Сонымен бірге біз станцияың әрекет ету аймағында орналасқан ірі тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету үшін Астана қолданылып жатқан «Тұран» СТГҚГК–нің өндірістік қуатын ұлғайтудамыз.

Жекеменшік сектор мен жалпы Астана тұрғындарының экологиялық таза отынға мұқтаждығын «Сарыарқа» магистральді газ құбыры жабатындықтан, мен сізге нақты жауап бере алмаймын, өйткені астананы газдандыру мәселесі мемлекеттік құрылымдардың құзыретінде.

Алайда. Астанада газ бар деп нық сеніммен айта аламын!