Кері қоңырау

Astana LNG жобасы Қазақстан Республикасының басшысы Назарбаевтың қолдауына ие болды.

Билік және қоғам, ғылыми және инвестициялық сектор тарапынан СТГ өніміне деген қызығушылық күннен күнге артуда: сұйылтылған отын өндірісінің көлемі әлем бойынша 2030 жылға дейін 84%-ға өседі, нарықта жаңа ойыншылар пайда болады, ал Еуропа СТГ болашақтың энергетикалық қауіпсіздігі негіздерінің бірі ретінде қарастыруды жалғастыруда (Vostok Capital мәліметінше).

8 қарашада Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен өңірдің инвестициялық климаты мен потенциалының мәселесіне арналған кездесу өтті, мемлекет басшысы кездесу аясында Global Gas Group компаниясының бас директоры Олег Гончаровтың Астана қаласы мен Қазақстанның солтүстік өңірлерін сұйылтылған табиғи газ технологиясының көмегімен жүзеге асырылатын Газдандыру бағдарламасын дамыту туралы баяндамасын тыңдады.

ҚР аумағында іске асырылып жатқан Газдандыру бағдарламасына магистралды газ құбырынан алыс жатқан өңірлерді табиғи газбен қамтамасыз етуге қажетті толық технологиялық циклді ұйымдастыру енеді. Сөйтіп, баяндамада мемлекет аумағында аз тонналы сұйылтылған табиғи газды (СТГ) өндіру кешенінің құрылысының жобасына көп көңіл бөлінген. Алғашқы кешенді Қостанай облысында орналастыру жоспарланып отыр. Олег Гончаровтың бағдарламасын Қазақстанның басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзі мақұлдап, қолдау көрсетіп отыр. «Барлық жолдарын жүзеге асырамыз деп ойлаймын, бірақ СТГ біз үшін өте маңызды», - деді Президент.

9 қарашада Челябинск қаласында өткен қос мемлекет – Қазақстан мен Ресейдің көшбасшыларының кездесуінің қарсаңында Global Gas тобы «Газпром» ЖАҚ 2018 жыл ішінде Челябинск және Свердловск облыстары аумағында СТГ өндірісі бойынша қосымша қуаттың құрылысы туралы келіссөздер жүргізді, солардың арқасында кәсіпорындар мен жеке меншік сектордың көгілдір экономикалық отынға деген қажеттілігін жабу көзделіп отыр. «Газпром» ЖАҚ Қазақстан аумағына 2021 жылға қарай жеткізетін сұйылтылған табиғи газ көлемі 300 мың тоннаны құрайды деп жоспарлануда.