Кері қоңырау

Астанада табиғи газ – жаңа шеп

26 қазанда тарихи оқиға орын алды – табиғи газдың бірінші миллион текше метрі, отынның ірі тұтытушысы Назарбаев Университетіне жеткізілді.

Жылу беру маусымының басталуымен Қазақстан Республикасының астанасын газдандыру туралы өткір мәселе жыл сайын көтеріледі, көптеген қалалықтардың қаладағы ауаның төмен сапасына көңілдері толмайды, өнеркәсіп нысандары мен жеке секторды жылыту үшін пайдаланылатын көмір мен дизельдік отынға қатысты көтеріңкі бағалар мен кезектер туралы мәселе жиі көтеріледі. Бірақ көпшілік, метан табиғи газының Астанада бар екенін біле бермейді!

2017 жылдың ақпанында елімізде алғаш рет «Туран» табиғи газының газдандырылу кешені іске қосылды, еліміздегі ең ірі және замануи университет- Назарбаев Университеті газдың бірінші тұтынушысы болды, ол экология тұрғысынан таза және тиімді отын – табиғи газға өз таңдауын жасады. Бүгінгі күннің өзінде жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын, метанның миллин текше метрі тасымалданды.

Астананы газбен жабдықтаудың инновациялық тәсілі СТГ (сұйытылған табиғи газ) және Global Gas Group компаниясы тобының арқасында тұтынушылар үшін қол жетімді болды, олар ПАО Газпроммен серіктестікте астананы Қазақстанның солтүстік өңірлерін газдандыру бойынша Astana LNG 2020 алып және келешегі мол жобаны іске асыруда.

2017 жылғы қазанның бірінші жартысында Тельман СТГ газдандырылуы екінші станциясының жобалануы басталғанын естеріңізге саламыз. Станция Астананың оңтүстік бөлігінде, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайға жақын орналасатын болады. Оның пайдалауға берілуі 2018 жылдың аяғына жоспарлануда. Келешекте газдандыру кешендерінің әрекет ететін аймағында орналасқан Барыс Арена, Алау және Велотрек сияқты спорт кешендері, Әуежай және отын мен жылудың басқа да ірі мемлекеттік жеке тұтынушылары табиғи газға ауыстырылатындарын күтіп отыр.

Туран және Тельман кешендерінің жұмысы бюджеттік қаражаттың – жылына 5 миллиард теңгеге дейін жететін, ірі көлемдегі үнемделуін беретін болады.