Кері қоңырау

Қазақстан астанасында «Тұран» СТГ қайта газдандыру кешені іске қосылды

2017 жылдың 8 ақпанында Астанада ASTANA LNG 2020 жобасы аясында «Тұран» сұйылтылған табиғи газын қайта газдандыру бойынша алғашқы кешеннің (СТГҚГК) салтанатты ашылуы болды. Нысан «Газпром трансгаз Екатеринбург» ЖШҚ өндіріп шығарған СТГ жұмыс істейді, ресей метанының алғашқы тұтынушысы «Назарбаев университеті». 


Кешеннің ашылу салтанатына Астана қаласының әкімі Исекешев Асет Орентаевич,  ҚР Инвестиция мен дамуы бойынша вице-министрі Хаиров Ерлан Картаевич, «Газпром трансгаз Екатеринбург» ЖШҚ экономика және қаржы бойынша бас директорының орынбасары Лиховских Сергей Викторович, «Назарбаев университеті» білім беруді Автономды ұйымдастыру  инновациясының вице-президенті Байгарин Канат Абдуалиевич, «Global Gas Regazification» директоры Саулиди Панаёт Георгиевич қатысты.  

Первый пуск газа

Астана әкімі Асет Исекешев жобаны іске асыруға қатысқан – инвесторларды, құрылысшыларды, газшыларды алғашқы станцияның іске қосылуымен құттықтап, бұл күн қала мен оның тұрғындары үшін ерекше мәнді күн екенін атап өтті. Ол «Тұран» СТГҚГК экологиялық жағдайды жақсарту тарапынан өте маңызды екенін де айтты:

– Біз атмосфераға зияны қалдықтардың шығарылуын азайта аламыз. Біз үшін бұл өте маңызды мәселе, Елбасы да экология мен денсаулықты қорғау мәселесін бірінші орынға қоятынын жақсы білесіздер.

«Назарбаев университеті» АҚ инновациялар бойынша вице-президенті Канат Абдуалиевич Байгарин де Кеңес одағы кезеңінде Астана қаласының тазалық жағынан екінші орынды иемденуі бойынша статистиканы есіне алып, қаладағы экологиялық жағдайды жақсартудың маңыздығын атап өтті.  

Станцияның құрылысына белсенді түрде қатысқандардың бәріне, әсіресе, «Газпром экспорт» ЖШҚ мен «Газпром трансгаз Екатеринбург» ЖШҚ алғысын «Global Gas Group»  директоры Панаёт Георгиевич Саулиди де білдіріп, олардың қатысуынсыз жобаны іске асыру мүмкін емес екенін айтты:

– Біз серіктестерімізбен бірігіп, сонымен қатар мемлекеттің белсенді қатысуымен жаңа станциялардың құрылысының есебінен өндірісті ұлғайтуға дайынбыз, ол бүкіл Астананы небәрі 4 жыл ішінде газдандыруға мүмкіндік береді.

– «Біз алдымызға орасан зор міндет қойдық – Қазақстанға жылына 320 мың тонна сұйылтылған табиғи газ жеткізуді ұйымдастыру. Бұл шамамен 500 млн кубометр», - деп атап өтті өз сөзінде «Газпром трансгаз Екатеринбург» компаниясының өкілі Сергей Лиховских. – Ресейлік СТГ қаланы газдандырумен қатар Астананың қоғамдық көлігіне арналған газды моторлы отын ретінде де қолданылады.

Цистерны с СПГ

ASTANA LNG 2020 жобасын құруға ҚР қайта газдандырудың басты сызбасымен бекіту туралы Үкімет қаулысымен бекітілген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаппай қайта газдандыруға бағытталған жолдауы түрткі болды. Жоба небәрі бір жыл бұрын ғана басталған болатын, ал бүгінде Астана қаласының бірнеше кәсіпорындарын экологиялық отынымен қамтамасыз етуге әзір.

«Тұран» СТГҚГК  Global Gas Group компаниясы іске қосқан СТГ қайта газдандыру бойынша алғашқы кешен болып табылады. Кешеннің қуаты сағатына 25 Гкалды құрайды, ол жарты миллион шаршы метрден астам жылытылатын аймақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы сатыда жобаға 2 млрд теңгеден астам қаржы салынды, ал 2021 жылға дейінгі инвестицияның жалпы көлемі шамамен 20 млрд теңгені құрайды. Жобаны іске асырудың екінші сатысын қаржыландыру «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы «БРК-Лизинг» АҚ мақұлданған болатын. 

Аз тонналы СТГ автокөлік құралымен Ресейден Қазақстанға жеткізу  туралы алғашқы контрактқа Global Gas Group компаниялар тобына енетін «Газпром экспорт» ЖШҚ мен Global Gas Regazification арасында 2016 жылдың желтоқсан айында  қол қойылғанын естеріңізге саламыз. 

КРСПГ "Туран"