Кері қоңырау

2018-2019 жылдың жылыту кезеңі аяқталды. Барлығыңызға рахмет! Қорытынды жүргізейік

«Global Gas Group» ЖШС компаниясының тобы Қазақстанның астанасында мамырдың бірінші он күндігіне тура келген ыстық күндермен аяқталған 2018-2019 жылдың екінші толық жылыту маусымын сәтті өткізді. Маусым қортындысы бойынша есеп аясында талдаушылар мен инженерлер жобаның жұмысын тұрақты, апатсыз және тоқтаусыз ретінде сипаттайтын кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерін ашты.

Бүгінгі күні «Global Gas Regazification» ЖШС бұрынғыша абоненттерге қайта газдандырылған табиғи газ метанды жеткізетін Солтүстік Қазақстанның газбен жабдықтайтын бірінші және жалғыз компаниясы болып табылады. Өткен 2018-2019 жылғы маусымға табиғи газды сату көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 43%-ға артып, 12 млн кубометрді құрады. «Global Gas Regazification» абоненттерінің орташа экономикалық пайдасы 27% құрады. Ол бұрын энергетикалық тұтынушылықтарды қанағаттандыру үшін пайдаланылған дизель отынын табиғи газге толық ауыстыру арқылы мүмкін болды. Бұдан басқа, олардың шығысы қоршаған орта эмиссиясына төлеу бойынша көп есеге азайды.

Газдандыру жобасын жүзеге асыру стратегиясына сәйкес 23 криоцистернаға дейін сұйытылған табиғи газды (СТГ) тасымалдауға арналған автопарк кеңейтілді. Сонымен бірге, 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап абоненттердің саны артып , «Назарбаев Зияткерлік мектебі» АБҰ қазандығы газдандырылды .

2018 жылдың 4 қазанынан бастап 2019 жылдың 04 мамырына дейін Нұр-Сұлтан қаласының «Тұран» ТСГҚГК-де тауарлық газдың 10,5 млн куб.метрі жасалды. 7310 тонна көлеміндегі сұйытылған табиғи газ (СТГ) автопоездармен 430 рейс жасау арқылы станцияға жеткізілді . Нұр-Сұлтан қаласы тұтынушыларының газды шыңдық іріктеуі термометр бағанасы -32 градусқа түсіп кеткен кезде 2018 жылдың желтоқсанына келді және 5 733 м3/с құрады.

«Риксос Боровое» ТСГҚГУ орналасқан Ақмола облысының Щучинск қаласына 44 рейс жасалды. «RIXOS» отелі тұтынушыларын қамтамасыз ету үшін станцияда 751 тн СТН қайта газдандырылды. Отелдің қазандығы үшін тауарлық табиғи газды сатудың жалпы көлемі жылыту маусымына 1,1 млн м3.құрады.

Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден келесі 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезең жағдайларында газбен жабдықтайтын инфрақұрылымды жұмысқа дайындауға старт берілгенін атап өткіміз келеді. Жазғы айлар ағымында СТГ қайта газдандыру кешендерінде және және тұтынушыларға жалғанған газтаратқыш құбырларға барлық жоспарланған профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады .