Кері қоңырау

Қазақстанның ғарыш саласы сұйылтылған табиғи газға сенім артып отыр

«Қазақстан Ғарыш сапары» Ғарыш орталығы – СТГ технологиясының көмегімен толықтай газдандырылған ұлттық маңызы бар екінші нысан.


15 қарашада Тұран қайта газдандыру станциясынан газ құбыры бойынша “Қазақстан Ғарыш Сапары” ҰК жылыту үшін табиғи газдың алғашқы кубометрі жөнелтілді. Ғарыш орталығы жұмысы аясында мамандар күнделікті қолданатын ултразаманауи технологиялар мен материалдар қатарына енді Қазақстанның солтүстік өңірлерінде кеңінен тарап келе жатқан СТГ технолгиясы енеді.

ГС1

Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыш орталығы – бұл 30 га ауданда орналасқан және әкімшілік ғимараттар, ғылыми және оқыту блоктарынан, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарынан тұратын толық бір кешен. Кешенді жобалау құжатнамасына сәйкес жылумен қамтамасыз ету үшін бастапқыдан-ақ дизельдік отын қолданған, алайда, астананың экологиялық жағдайын және кәсіпорынның жоғары инновациялық әлеуетін ескере отырып, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК басшылығы жылыту жүйесін жаңғырту туралы шешім қабылдады.

Ғарыш орталығы мен «Global Gas Group» инженерлері бірігіп қолданыстағы үш қазандық қондырғыларында негізгі отын ретінде дизельді толық көлемде алмастырған табиғи газды пайдалануға арналған қайта құрастыру шараларын қабылдады.

ГС

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Президенті Ерғазы Нұрғалиев «Global Gas Group» ЖШС Бас директоры Гончаров Олегтің ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен 8 қарашада өткен кездесу барысында ғарыш орталығын алдағы уақытта газдандыру туралы жасаған баяндамасына түсініктеме жасады: «Жылыту жүйесін дизельдік отыннан газға ауыстыру экономикалық жағынан тиімділігімен қоса, экологиялық жағынан да қажет болып келеді. «Глобал газ групп» серіктестігіне жедел жұмысы үшін алғыс білдіреміз» (Kazinform).

Қазинформ ХАА алынған деректерге сәйкес «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК компаниясының экономисттерінің есептеуі бойынша ҰҒО нысандарын газдандыру қыруар қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. 2017-2018 жылдардың жылыту маусымының үнемділігі бұрынғы шығынның 30 %-на дейінгі соманы немесе 15 миллионнан астам теңгені құрауы мүмкін.

Алдын ала есептеулер бойынша құрылыс аяқталып, кешеннің бүкіл нысандары эксплуатацияға тапсырылғаннан кейін Ұлттық ғарыш орталығы жылумен қамтамасыз ету қажеттілігіне жылына шамамен 15 млн. м3 тұтынатын болады.