Кері қоңырау

Өнім туралы АНЫҚТАМА Сұйылтылған табиғи газ-СТГ/Liquefied Natural Gas – LNG

СТГ қарқынды энергия тасымалдаушы болып табылады және отынның басқа түрлеріне қарағанда экономикалық және экологиялық тиімділікті қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде сұйылтылған табиғи газдың халықаралық саудасының кеңеюі байқалады, Табиғи газды әлемдік сыртқы сауда тасымалының 26%-ы оның үлесіне келеді, ол оны әлемдік тұтынудың 7%-ын құрайды.

2020 жылға қарай бұл көрсеткіш екі еселеніп, 14%-ға жетеді деп күтілуде. Қазіргі кезде сұйылтылған газды өндірудің ірі қуаты Оңтүстік-Шығыс Азияда шоғырланған, алайда неғұрлым үдемелі дамуы Африка мен Таяу Шығыста байқалады.

Сұйылтылған табиғи газ (СТГ) кәдімгі табиғи газды минус 161 Цельсий градус температураға дейін салқындату арқылы алынады. Мұндай технологияны XXI ғасырдың табиғи газын тасымалдау тәсілі деп атайды. Мұнда сұйық күйдегі табиғи газдың көлемі кәдімгі газға қарағанда 600 есе аз, оның салыстырмалы салмағы судың салмағынан екі есе аз болып келеді. Аз тонналы СТГ сағатына 10 тоннадан аспайтын көлемде өндіріледі, ол ішкі нарыққа бағытталған және жанармайға, дизельдік отынға, тас көмірге және магистральды газбен қамтылмаған өңірлерге тән отынның басқа да дәстүрлі түрлеріне бәсеке құрайды. Оны өндіруге арналған станциялар, құю және қайта газдандыру орталықтары өндірістік және тұрғын үй ғимараттарының маңында орналасуы мүмкін. СТГ иісі жоқ, түссіз, химиялық улы емес.

СТГ басқа энергиялық тасымалдаушыларға қарағанда көп артықшылыққа ие.

Біріншіден, сұйылтылған табиғи газды жеткізу үшін алшақ орналасқан аудандардың өзіне де магистральды газ құбырларын құру және оған қызмет көрсету қажет етілмейді.

Екіншіден, сұйылтылған табиғи газ құбыр өткізгіш газымен салыстырғанда неғұрлым жоғары сапасымен сипатталады. Бұл сұйылту кезінде газдың зиянды заттардан және күкіртті қосылыстардан тазартылуымен түсіндіріледі, сол себептен шыққан кезде құрамында метаны көп таза газ құрылады.

Үшіншіден, СТГ көмірсутекті электр энергиясы негіздерінің ішінде анағұрлым тазасы болып табылады.

СТГ дербес өнім болып табылмайды, ол ТГ көліктік формасы деуге болады, өйткені, газ пайдаланушы құрылғыларда және тұтынушының энергетикалық қондырғыларында (соның ішінде ДВС) тек қайта газдандырылған СТГ ғана қолданылады.

Бұл орайда СТГ пайдаланылу аясы кәдімгі ТГ пайдаланылу аясындай кең. Бұл қазандықтар және түрлендіруші құрылғылар (сонымен қатар когенерациялы), қуатты станционарлық қондырғылар, сонымен қатар көлік құралдарына арналған мотор отыны. Оған қоса, СТГ ұзақ жол жүретін көлік үшін (қалааралық автобустар, жүк тасымалдаушы көліктер), сонымен қатар жанармай құю станцияларынан айтарлықтай қашықтықта орналасқан көлік құралдары үшін (карьералық техника) тиімді әрі таптырмас отын түрі.

Бүгінгі таңда Global Gas Group компаниясы серіктестерімен біріге отырып, СТГ өндіру және қайта газдандыру тәжірибесіне, сондай-ақ тауар газы мен газ моторлы отынды түпкілікті тұтынушыға жеткізуді қоса алғандағы СТГ технологиясының бүкіл тізбегінің технологиялары мкн шешуші өкілеттіктеріне ие болды.

Аз тонналы СТГ өндірісін дамыту және оны пайдалану бойынша міндеттерді шешу үшін «Газпром трансгаз Екатеринбург» компаниясыныің зерттеуші ұжымы СТГ сақтау және аз тонналы өндіріс құрылғысының бірегей технологиясын жасап шығарды. Бұл жұмыстардың алынған нәтижелері «Global Gas Group» компаниясына автономды жоба мен Қазақстан Республикасындаы тұрғын үй - коммуналдық және өндірістік секторының жүйелі құбырсыз газдандыру жобасын іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл орайда, СТГ технологиясын енгізудің алғашқы сатыларында-ақ тұтынушы мен мемлекеттік бюджет пайдасына біршама экономикалық пайда келеді.