Кері қоңырау

Global Gas Group компаниясының Астана қаласын газдандыру бойынша бірегей шешімі туралы Россия 24 телеарнасының эфирінде айтылды

«Тұран» сұйылтылған табиғи газын қайта газдандыру кешенінің Қазақстан территориясында алғашқы осындай станцияның  ашылуы – энергетикалық және газ саласының мамандары арасында, мемлекеттік аппарат және Қазақстан Республикасының, соның ішінде Астана қаласының астаналық қауымдастығының арасында да кең резонансқа ие болды.

Оған қоса, мұндай бірегей халықаралық жобаны іске асыру Россия 24 ірі қоғамдық-саяси телеарнасының салалық телебағдарламасының Энергетика бағдарламасына негіз болды. Осылай, 2017 жылдың 2наурызындағы сюжетте қазақстандық және ресейлік телеарналардың бірігуімен Global Gas Group компаниясының мамандары Қазақстанның астанасын жылу-энергетикалық қамсыздандыруға арналған СТГ технологиясын пайдаланудың экономикалық тиімділігін білдіретін технологиялық процесстерді ашты.


Оның үстіне 2014 жылы ҚР Президентінің қаулысы шыққанын естеріңізге саламыз, ол бойынша Астана қаласы мен Қазақстанның солтүстік өңірлері газдандырылуы тиіс. Осы қаулы аясында Global Gas Group компаниясы ASTANA LNG 2020 ауқымды жобасын қолға алған болатын және осы жобаны іске асырудың бірінші сатысы КРПСГ «Тұран» құрылысының басталуы және оның іске қосылуы болды. 

Толықтай алғанда «Тұран» станциясының құрылысының жобасы шамамен бір жыл бұрын басталған, ал бүгін ол Астананың бірнеше ірі кәсіпорындарын экологиялық отынмен қамтамасыз ете алады. Серіктестерімен бірігіп, сондай-ақ мемлекеттің белсенді қатысуымен қала маңына жаңа станцияларды тұрғызу арқылы өнімділікті бірнеше есе ұлғайтып, Қазақстан астанасын газдандыру жоспарланып отыр.

Бүкіл құрылысты және іске қосу мен жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырған  Global Gas Regazification компаниясының сарапшылары ASTANA LNG 2020 жобасына айтарлықтай өр мақсат қойып отыр – яғни, 4-5 жыл ғана, ал магистралды құбыр желісінің көмегімен астананы газдандыру процесі айтарлықтай көп уақытқа созылары анық.

Мұндай қысқа мерзім өнім мен құрылғыны тауар газына газдандырудың ұтқырлығымен ғана емес, сонымен қатар қажетті инвестицияның көлеміне де байланысты: Астананы баршаға мәлім әдіспен газдандыру үшін шамамен 1,5 миллиард доллар қажет, ал ASTANA LNG 2020 бағдарламасын іске асыруға 200 миллион доллардан аспайтын қаражат талап етіледі.

2021 жылға дейін инвестициялар көлемі 20 миллиард теңгені құрайды, ол тағы осындай бес станцияны тұрғызуға және сұйылтылған табиғи газбен бүкіл қаланы, сондай-ақ Ресейге географиялық жағынан жақын орналасқан газдандыруға мұқтаж болып отырған Қазақстанның солтүстік өңірлерін газдандыруға мүмкіндік береді. Болашақта магистралды құбыр желісін тұрғызу нәтижесінде Global Gas Network компаниясы салған желілер газ таратушы компаниялардың билігіне өтеді (мысалы, мемлекеттік), ал СТГ жұмыс істейтін қайта газдандыру станциялары тұтынудың тәуліктік әркелкіліктерін жоятын болады.