Кері қоңырау

Global Gas Regazification директоры Ақмола облысының әкіміне газдандыру бойынша жобаны таныстырды

Екі тараптың өкілдері әңгімелесу кезінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік (МЖМС) шартының қол қойылу маңыздылығын инновация жасауда мемлекет пен жеке бастаманың үлкен көлемдегі қорды талап ететінін атап өтті: МЖМС құру бойынша сұрақтың тезірек оң шешілуі – газдандыру жобасын орындаудың ажырамас құрамдас бөлігі.

2018 жылдың 17 қаңтарында Ақмола облысының әкімі Мурзалин Мәлік Кеңесбайұлының «Global Gas Regazification» ЖШС компаниясының өкілдерімен, яғни компания директоры Саулиди Панаета Георгиевичпен, бас инженері Қасенов Ұлас Рысбекұлымен және директордың орынбасары Сердалин Серік Мейрамұлымен кездесуі өтті. Қазақстанның батыс аймақтарының және Астана қаласының кешенді газдандыру жобасының шеңберінде Ақмола облысын газдандыру мәселесі, сондай-ақ муниципалдық көлік үшін газмоторлы отынның неғұрлым арзанын және экологиялық тазасын енгізу бойынша жоспар кездесудің басты сұрағыболды.


Global Gas Group компаниясының тобы магистралды құбыр желісінен алынған нысандарды табиғи газбен кедергісіз қамтамасыз ететін бірегей технологияларға назар аударады. LNG (Liquefied Natural Gas, сұйылтылған табиғи газ, СТГ) технологиясы арнайы криогенді сыйымдылық арқылы ұзақ ара қашықтыққа тасымалдауға рұқсат береді. Сұйылтылған күйінде бөлетін станцияларда жинақтап, ал кейін кәдімгі табиғи газға (газбен қайта жабдықтау) айналдырып, соңғы тұтынушыларға желі бойынша бағытталады.

Ақмола облысының газдандыру жобасына сәйкес компания Ақкөл қаласында газ сақтау үшін 25 мың текше метр сыйымдылығы бар станция салуға ниетті. Осы ағымдағы жылы Щучинсктің бес қазандықты қаласын газды отынға ауыстыру жоспарланып отыр, оған шығын минималды. Көкшетаудың кезегі 2019 жылы келеді. Облыстық орталықтан бөлек кешенді газдандыруСтепногорск қаласына, Бурабай, Ақкөл, Зеренді, Бұланды және Шортанды аудандарға да қарастырылған. Облыс аумағының 800 шақырым шамасындай көлеміне газбен қамтамасыз ету желілерін салу жоспарлануда, бұл коммуналдық нысанның ғана емес, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындарды да газдандыруға мүмкіндік береді, жеке сектор.

Презентация Акмолинская обл

Әкіммен кездесу кезінде «Global Gas Regazification» ЖШС директоры П. Саулиди 2017 жылы Астана қаласында алғашқы табиғи газ станциясы іске қосылғандығын және оның тұтынушысы елдегі ірі Назарбаев Университеті екендігін атап өтті. П. Саулидидің айтуынша, үш айлық газдандыру нәтижесінде ЖОО 200 млн.теңгені үнемдеген.

Сонымен қатар, ол Бурабай ауданындағы «Rixos Borovoe» мейманханасының негізінде жүзеге асқан жоба туралы да айтып өткен. Осы жерде жақын уақытта газбен қамтамасыз етудің жаңа қайнаркөзі іске қосылады. Компанияның алдын ала есептеуі бойынша, газбен жылыту мейманханаға жылына 64 млн.теңге үнемдеуге жол береді екен.

«Global Gas Regazification» ЖШС басшысы муниципалды және коммерциялық көліктік сегментте СТГ қолданылуы өсіп келе жатқандығын: жолаушылар көлігінен ірі габаритті автокөліктерге дейін, соның ішінде төменгі ауа температурасында жұмыс істейтіндер де арасында қолданым артқаны айтылды. «Газды отын ретінде пайдалану қалалық қоғамдық көліктің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Автокөлік үшін отындағы таза үнем 50%, бұнымен қатар зиянды заттарды шығару 85%-ға қысқарады», - деп ескертеді П. Саулиди.

Белгілі болғандай, «Global Gas Group» ЖШС автобусты парктер газбен жұмыс істейтін техника сатып алған жағдайда Көкшетауда газбен жабдықтайтын станция салуды ұсынды. Сондай алғашқы автобус қала көшелерінде тесттік режимде жұмыс жасап көрді.

Облыс әкімі: «Қоғамдық көлікті және мүмкіндігінше коммуналдық техниканы газды отынға ауыстыру Көкшетау қаласында ғана өзекті мәселе емес. Жобаның алғашқы кезеңі Щучинск қаласын газдандыруды қарастырса, қазірден бастап ЩБКЗ аумағында көліктерді газбен жабдықтау мүмкіндігін ойластыру қажет»,- деп айтып өтті.

Өз кезегінде облыс әкімі жобаны қолдап және аймақты газдандыру мәселесі бойынша серіктестікке қызығушылық танытты.

Айта кету керек, аталған жоба «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұсынылған«жасыл технология» шеңберінде жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі: Ақмола облысының пресс-қызметі