Кері қоңырау

Бізде Астанада газ, ал Сізде ше?!?

Қазақстанда алғашқы «Тұран» сұйылтылған табиғи газды қайта газдандыру станциясы пайдалануға іске қосылғанына бір жыл толды. 2016 жылғы желтоқсанда «Газпром экспорт» және «Global Gas Group» компанияларымен қол қойылған келісімшарт шеңберінде елорданы отынмен қамтамасыз ету үшін Астанаға автомобиль көлігімен СТГ жеткізіледі. Біз «Astana LNG 2020» жобасының барысы мен аралық қорытындылары туралы «Global Gas Regazification» директоры Панаетом Саулидимен сұхбаттастық.

Сіздің алғашқы қайта газдандыру станцияңыз іске қосылған сәттен бері бір жыл өтті. Аралық қорытындысын шығарсақ қайтеді.

Иә, шынында да, Тұран қайта газдандыру станциясы пайдалануға енгізілгеніне бір жыл болды. Осы уақыт ішінде біз көп нәрсеге үйрендік, Қазақстан үшін жаңа СТГ технологиясын пайдалануда шынайы тәжірибе алдық, бүкіл бизнесті осылайша құрғандықтан, Астанада объектілерді газбен жабдықтауды үздіксіз және авариясыз жүзеге асыра алдық.

Қазақстанның солтүстік өңірінің климаттық ерекшелігінің тәуекелдерін де қарастырдық. 2017-2018 жж. жылыту маусымында өте төмен температураны, боранды бастан өткереміз және барлық туындаған міндеттерді ойдағыдай шешеміз.

Жыл ішінде қандай да бір сыну, жеткізуде іркіліс туындады ма?

Ынтымақтастық жасаған уақыттан бері ресейлік серіктестер өздерін жақсы жағынан көрсетті. Бұл Қазақстан үшін бірегейжәне біз үшін жаңа технология болу фактісін ескере отырып, біз оны пайдалануда, криогендік сұйықтықтармен жұмыста бағалы бірлескен тәжірибе алдық және жалпы нәтижелерге қанағаттанамын.

«Тұран» станциясы бүгін өз қуатының 20%-да жұмыс істейді. Алғашқы жылыту маусымын аяқтай отырып, біз жоба ауқымын еселеп ұлғайтуға және қала аумағында тағы 5 станция салып, Астананы толықтай газдандыруға дайынбыз дегенді сеніммен айта аламыз.

Біз алынған тәжірибені ең басынан газдандыру үшін нысаналық аумақтар тізбесіне кіргізілген Қазақстанны басқа өңірлеріне масштабтайтын боламыз.

Сіз жобаның кейбір параметрлерін атай аласыз ба: жалпы жеткізу көлемі, техника бірлігі мен қызметкерлер штатының саны және т.б.

Бүгінгі таңда жобамен газдандыру және газбен жабдықтауда едәуір тәжірибесі бар 70-тен аса маман жұмыс істеуде: олардың құзыреті құрылыс, өндіріс, тасымалдау, логистика, газбан қайта жабдықтау, газмотор отыны және басқа да шектес білім салалары.

16 автопоезд криоцистерналармен күн сайын сұйылтылған табиғи газды оны одан әрі қайта газбен жабдықтау үшін «Тұран» кешеніне жеткізеді. 2018 жылғы 2 ақпанға қарай біз тұтынушыларымызға 5 миллион текше метр тауарлық газ жеткіздік. Қазіргі сәтте оларға Назарбаев университеті, Қорғаныс университеті және Ғарыш сапары Ұлттық ғарыш орталығы жатады. Таяу уақытта Астанадағы жалғыз газ құбырына қосуға Тұран даңғылында орналасқан мемлекеттік спорт мекемелері тобы дайындалуда. Бурабай табиғи қорығы аумағында орналасқан жаңа «Бурабай» газбен қайта жабдықтаукешені пайдалануға іске қосуға дайын.

Осы уақыт ішінде Астанада 5-тен аса ірі мемлекеттік объектілерді газдандырып,екінші станцияны пайдалануға енгізбек болдыңыздар. Осылардың қайсысы іске асырылды және қашан болады?

Ашығын айтсам, осы уақыт ішінде табиғи газды тұтыну көлемі едәуір көбірек болар еді. Мен айтып кеткендей, бүгінгі күні станция әлеуетті қуаттылығының 20%-ында ғана іске тартылған.

Бұл жергілікті атқарушы органдар тарапынан көмектесуге құлықсыздық танытуымен, кейбір жағдайларда толық әрекетсіздігімен байланысты. Табиғи газ бәсекеге қабылетті отын (мазут және дизельмен салыстырғанда) болып табылатындығына қарамастан, кәсіпорындар қазандықтарды отынның осы экологиялық және арзан түріне ауыстыру туралы келіссөзді өте құлықсыз жүргізеді, Әрі, «Global Gas Group» компаниялар тобы газ құбырларын жобалау, салу және тіпті қазандықтар үшін жаңа жабдық сатып алу жұмыстарын тегін жүргізу қызметін көрсете отырып, тұтынушыларды тарту бойынша белсенді қызмет жүргізеді. Жоғарыда айтылғандарды ескергеннің өзінде, Әкімдік «қағаз жүзінде» ғана шара қабылдады.

Ал Астана тұрғындары үшін ең «жанды жері» болып табылатын нәрсемен жағдай не болды? Сіздер жекеменшік секторды газдандыруға дайындауды жоспарлап отырсыздар ма.

Жекеменшік секторды газдандыруға қатысты, қазіргі сәтте мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы тиісті мемлекеттік органдарда қаралу процесінде. МЖС туралы шартты келісіп, қол қойған жағдайда, біз ағымдағы жылы астананың жекеменшік секторын газдандыруға кірісуге дайынбыз.

Кез келген флагмандық жоба сияқты, сіздер көптеген тәуекелдерді алдын ала болжап, бейтараптандыруға тиіссіздер, Жобаны дамыту барысында қандай қиындықтармен кездесесіздер?

Магистральді газ құбырын салу жөніндегі сыбыс энергетикалық мәселелерге құзырлы органдар өздерінің әрекетсіздігін жасыратын негізгі аргументтердің бірі. Біздің жобамыз қала мен өңір инфрақұрылымын магистральді құбыр желісі көмегімен газбен жабдықтауға дайындай отырып, магистральді газ құбырының келуіне айтарлықтай ықпал етеді.

«Astana 2020» жобасының айқын артықшылықтарына, Елбасы айтқан қолдауға қарамастан, біз орындарда көмек пен қолдау болмауымен қақтығысамыз. Көптеген бастамаларды шенеуніктер тежеуде, кабинеттерде хаттардың көбі өлі жүк болып жата береді, өкінішке орай, мұндай әрекетсіздік экономиканың нақты секторының дамуын саботажмен шектейтінін айтуға тиіспін.

СТГ – бұл сондай-ақ мотор отыны. «Global Gas Group» осы бағытта қалай жұмыс істейді?

Біздік жобамызда газмотор отыны рыногын дамыту тақырыбына едәуір көңіл бөлінеді. «EXPO» дүниежүзілік көрмесінде біз Өзбекстандық әріптестерімізбен бірге кішігірім жоба жасадық: олар сығылған газда (СГ) жұмыс істейтін төрт жолаушылар автобусын әкелді. Біз, өз кезегінде, LCNG пилоттық құюды жеткіздік: газ СТГ түрінде сақталады, ал құю СГ түрінде жүзеге асырылады. Үш ай бойы көрмеге қатысушылар мен қонақтарға қызмет көрсеткен осы автобустарды отынмен қамтамасыз еттік.

Ақмола облысында Ресейлік серіктестермен бірге тағы ір жобаны пысықтадық, екі автобус бір ай Көкшетау қ. тест-драйв режимінде өтті, келіссөздерден кейін және көлікті сатып алған соң, біз құю кешенін орнатуға дайынбыз.

Көптеген қалалардың әкімдіктері коммуналдық техника мен жолаушылар көлігін газға ауыстыруға қызығушылық танытады деп айта аламын. Мұндай диалог жүріп жатыр, оның оң нәтижесі ақша қаражатын едәуір үнемдеу, сондай-ақ мемлекет аумағында экологиялық ахуалды жақсарту тұрғысынан айтарлықтай нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.

Біртіндеп Сіздің жоспарларыңызға да келдік. Олар осы жылы кейбір өзгерістерге ұшыраған болар.

Стратегиялық тұрғыдан олар өзгерген жоқ. Біз, бұрынғысынша, кәсіпорынды дизель отынынан табиғи газға ауыстыруды, Астананың жекеменшік сеткорының барлығын және республикамыздың солтүстік өңірлерін газдандыруды, сондай-ақ газмотор отыны бағытын белсенді дамытуды көздеп отырмыз. Астана мен өңірде экологиялық ахуалды жақсарту ниетіндеміз: бұл әсіресе, қысқы желсіз ауа райында демалу қиын жылыту маусымы кезінде өте өзекті.

Қазіргі сәтте мұқтаж өңірлерді газбен қамтамасыз етудің бірегей мүмкіндігі қалыптасты деп баса айтқым келеді. Біріншіден, бұған өткір қажеттілік бар, бұны ешкім терістей алмайды, дұрыс па? Екіншіден, мемлекеттік - жекеменшік әріптестік мәселесінде жауапкершілік пен меншік құқығын шектейтін мемлекеттік құралдар бар. Үшіншіден, мемлекеттік отын-энергетикалық кешен үшін маңызды жобаның бірінші кезеңін табысты іске асыру тәжірибесі бар.

Бүгін, біз егер өткен жылы Назарбаев университеті алған бюджетті нақты үнемдеуді «Тұран» СТГҚГК өзінің 100% қуатына шығу перспективасына экстраполяцияласақ, астана үшін жыл сайын кемінде 5 млрд теңге бюджет үшін экономикалық тиімділікті болжай аламыз. «Тұран» станциясы кешені толық өндірістік қуатына шығу үшін жеткілікті тұтынушылар мөлшерін газбен жабдықтайтын перспективаны айтып отырмын.