Кері қоңырау

5-ші жыл сайынғы «Ресейдің СТГ Конгресс»

«Global Gas Group» компаниясының бас директоры - Олег Юрьевич Гончаров, 2018 жылғы 6 және 8 маусым аралығында Мәскеу қаласындағы, Балчуг Кемпински мейманханасында өткен 5-ші жыл сайынғы «Ресейдің СТГ Конгрессіне» қатысты.

«Global Gas Group» - LNG (Liquefied Natural Gas, сұйытылған табиғи газ, СТГ) саласында маманданған, қазақстандық компаниялар тобы, Қазақстан Республикасындағы сұйытылған табиғи газдың жалғыз ғана жеткізушісі болып табылады.

Ресейдің СТГ Конгрессі – газ индустриясында – бүкіл дүние жүзінен дәстүрлі түрде СТГ – индустриясының жетекшілері жиналатын, сұйытылған табиғи газ (СТГ) нарығының өндірісі мен қалыптасуының аса маңызды стратегиялық бағыттарын дамыту үшін өзара әңгімелесулері және шешім жолдарын іздеуге арналған халықаралық сараптамалық алаң. Конгресс СТГ өндірісі бойынша зауыттардың құрылысына қатысатын, 300-ден астам тұтқалы халықаралық компанияларды біріктіреді.

33183673270_0ed1d56f58_o-copy.jpg

Қатысушы-компаниялардың арасында: Газпром, Ямал СПГ, НОВАТЭК, Shell, ExxonMobil, Газпром проектирование, Technip, KBR, Газпром ВНИИГАЗ, Газпром СПГ Санкт-Петербург, Газпром газэнергосеть, Газпром экспорт, Роснефть, РН-Печора СПГ, Сахалин Энерджи және басқалары.

Конгресске қатысушылар сұйытылған табиғи газдың (СТГ) нарығының өндірісі мен қалыптасуын, сондай-ақ Ресей СТГ ірі тоннажды жобаларын талқылады. Конгресстің іскерлік бағдарламасы шеңберінде технологиялар операторлары мен жеткізушілерінің пікірсайыстары өтті, онда сарапшылар ірі тоннажды, орта және шағын тоннажды СТГ дамуына әсерету факторларын қарады.

33526213936_8270af0e43_b.jpg

Ресейде СТГ индустриясы жаңа ғана қалыптасып келеді, қазіргі жалғыз ғана ірі тоннажды зауыт - “Сахалин-2”. Алайда, басқа да зауыттардың құрылысы бойынша жоспарлар бар. Қазірдің өзінде “Ямал СПГ” құрылысы жүргізіліп жатыр. “Печора СТГ, “Арктик СТГ-2”, “Балтикалық СТГ”, “Қиыршығыстық СТГ” жобаларын іске асыру бойынша келіссөздер мен жұмыстар белсенді жүргізілуде. Сонымен қатар, алыстағы өңірлерді газдандыру үшін қолданылатын, СТГ шағын тоннажды нарығы белсенді дамып келеді. Сондай-ақ СТГ газ моторлы отын ретінде қолдану бойынша жобалар белсенді әзірленуде. Осының бәрі тәжірибе алмасу, нарықта ең жақсы технологияларды ұсыну үшін аталмыш алаңның болу қажеттігін белгілейді.