Кері қоңырау
my-own-oven-1424750.jpg

Газбен қамту жеке мақсатта тұтыну үшін

Қазақстанда жеке меншік секторды газдандыру басталды

Қазіргі кезде Қазақстанның солтүстік өңірлерінің халқы бұл өңірлерде магистралдық газ құбыры болмағандықтан табиғи газбен қамтылмай отыр. Бұл мәселені шешу мақсатында жүзеге асырылуы 15 жыл мерзімге жобаланған (2015-2030 жж.) Қазақстанды газдандырудың Басты сызбасы бекітілді.

ҚР Энергетика Министрлігінің позициясына сәйкес Астана қаласын, орталық және солтүстік өңірлерді газдандыру үшін сұйылтылған табиғи газ технологиясы таңдалған болатын. Газбен жабдықтаудың негізгі түрі ретінде осындай технологияны пайдаланып отырған шетелдіктердің жағымды тәжірибесіне сүйене отырып, мамандар СТГ технологиясын дамыту үшін тиісті инфрақұрылымды құру қажеттігі туралы қорытынды жасады. Мұндай «виртуалды газ құбыры» магистралды газ құбырының алдыңғысы ретінде қарастырылады және табиғи газ метанды одан әрі түпкілікті тұтынушыға жеткізу үшін сұйылту, сақтау және қайта газдандыру бойынша циклдан тұрады.

Дәстүрлі газ құбырын төсеудегі міндет бірталай уақытты алады, қыруар қаржылық салымды және адами ресурсты талап етеді. Global Gas Group компаниясының Қазақстанның жеке меншік секторын СТГ технологиясы негізге алынған экологиялық отынмен қамтамасыз ету бойынша ұсынысы ең негізгі кемшіліктен арылған: үлкен құбырды күте отырып, жуырда үй шаруашылығына табиғи газды жеткізуді қамтамасыз ету мүмкін болады. Бұл тәсіл өзінің тиімділігінің арқасында бірегей болып табылады және газ құбырынан алшақ жатқан аудандар мен бір-бірінен үлкен қашықтықта орналасқан шағын елдімекендер үшін таптырмас шешім болады.

Мемлекеттік – жеке меншік серіктестігінің арқасында Астананы толық газдандыру жуырдағы бес жылға жоспарланып отыр

Республикалық деңгейдегі Мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің (МЖМС) механизмі арқылы орнату үшін ҚР энергетика Министрлігімен мақұлданған Global Gas Group «Astana LNG 2020» жобасына сәйкес жуырдағы 4-5 жылда Астана қаласында қалалық газбен жабдықтау жүйесін пайдалану іске қосылатын болады.

Осылай, мысалы, астананы газдандыру үшін қала маңында сұйылтылған табиғи газды қайта газдандырудың 6 станциясының құрылысы қарастырылған. Газ тарату жүйесі мен орташа қысымды желілерді қаланың әр түрлі аудандарына орнату жоспарланған, ол астананың жеке меншік құрылысын және жекелеген аудандарды тең көлемде отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Үздіксіз отынмен қамсыздандыруды қамтамасыз ету үшін қайта газдандыру кешендерін тұрғызумен қатар сақтау нысандарын құру да жоспарда бар.

Көп кешікпей энергиялық ресурс ретіндегі газ Мемлекеттік – жеке меншік серіктестігі құралының арқасында Астана мен Қазақстанның солтүстік өңірлерінің тұрғындарына да қолжетімді болады, себебі ол газ жүйесінің құрылысы мен оны пайдалануды республикалық және муниципалдық билік органдарының белсенді қолдауымен жүзеге аспақ.

Жеке меншік секторды газдандырудың артықшылықтары

Табиғи газ қолданыстағы көмір мен дизель сияқты отын түрлерінің ең экологиялық түрі болып табылады. Оны қолдану кезінде қоршаған ортаға кері әсер ететін жану өнімдері болмайды. Отынның бұл түрі сақтауға арналған орынды қажет етпейді. Қазандықтың күтіміне шығындалатын және отын қалдықтарын жоюға кететін күнделікті уақыт үнемделеді. Қала тұрғындарына газ таратушы желі арқылы жеткізілетін табиғи газ жеке меншік тұтынушылардың өмірін сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Жеке меншік сектордағы үйді газдандырудың тағы бірқатар артықшылықтарын атап өткен жөн:

  • Метанды пайдалану отынның негізгі түрлеріне қарағанда экономикалық тиімді.
  • Метан – энергия тиімді отын. Оның ПӘК 95%-ды құрайды.
  • Отынды газ таратушы желі арқылы жеткізу тұтынушыдан оған дайындалу немесе сақтау процесін талап етпейді.
  • Газды отында тиімді және шусыз қазандықтар қолданылады.
  • Газ таратушы желілері арқылы жүзеге асырылатын газбен жабдықтау қауіпсіздік, сенімділік және экономикалық пайда сияқты тұтынушылық қасиеттердің бәрін қоса алғанда Қазақстанның газдандырылмаған өңірлерінде жылыту және толықтай энергиямен қамтамасыз етудің бүгінгі күні қолданылатын тәсілдерімен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады.