Кері қоңырау

Көлікті газға ауыстыру



Дәл осы газды қозғалтқыш Майбах пен Даймлерді ойлап тапқанға дейін ондаған жылдар бұрын ішкі жану қозғалтқышының прототипі болды. 1860 жылы Жан Этьен Ленуар топтама болып шыққан жарық беретін газбен жұмыс істейтін алғашқы қос тактті газды қозғалтқышты ойлап шығарды. Бүгінгі таңда газ моторлы отынды қолданатын моторлар жаппай қолданылады, жыл сайын оны пайдалану ауқымы шамамен 30%-ға өсіп отырады. Мамандардың болжамы бойынша, 2020 жылға қарай табиғи газды қолданатын автомобильдердің саны 50 млн. көрсеткішіне жетеді, ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш екі еселенелі. Бүгінгі күні АҚШ, Германия, Үндістан, Қытай және көптеген басқа мемлекеттер газ моторлы отынды енгізу бағдарламасын белсенді түрде дамытып отыр. 

ТІштен жанудың заманауи қозғалтқыштарының басым көпшілігі 1876 жылы ашылған Отто циклі бойынша жұмыс істейді. Мұндай қозғалтқыштар төрт такттілі ретінде қозғалтқыш ретінде көбірек танымал, өйткені, олардың жұмысы төрт фазада жүзеге асырылады. Олар баршаға мәлім – бұл енгізу, сығу, жұмыс барысы және шығару фазасы. Отто циклі сырттан келетін негіздің қоспасынан тұтануымен сипатталады, оның рөлін тұтандыру білтесі атқарады. 

Сұйық отымен жұмыс істейтін кез келген қозғалтқын (соның ішінде дизельдік) белгілі бір қайта жөндеуден соң метанға айналуы мүмкін. Алайда көлікті газға ауыстырған соң көпшілік мұндай ауыстырудың жағымсыз жақтарын атап көрсетеді: 

  • 10%-ға дейін қуатының азаюы;
  • Шығынның көтерілуі;  
  • Жоғары жылу жүктемесінен жөндеу мерзімдерінің жиілеуі;
  • Жұмыстың тұрақсыздануы.  

Жаңа интеллектуалдық газды қозғалтқыш 

Global Gas Group компаниясы Iveco Cursor 13 топтпмалы қозғалтқыш базасында құрылған Пайер Турбо газды қозғалтқыштың осы мәселелерін шешуді ойлап отыр. Ол 2025 Н·м айналып тұрған сәттегі 410 л.с. қуатын дамытады және қуаты осындай немесе аздау жүк және коммерциялық көлік түрлерінің көбіне орнатылуы мүмкін.

Қозғалтқыш оның механикалық және интеллектуалдық жөндеуінің арқасында газды болады. Басқарудың, диагностикалаудың және басқаружың орнатылған арнайы электронндық жүйесі оның бүкіл конструктивтік және пайдалану ерекшеліктерін ескереді және газ моторды отынға көшудің кемшіліктерін түзейді.

Қабылаудың электроннды жүйесін орнату қателіктерді уақтылы анықтау және отын сапасын бақылау арқасында жоғары сенімділікті қамтамасыз етеді.

Қозғалтқыштың жоғары жылу жүктемесі метанға ауысудағы ең ауыр мәселелердің бірі болып табылады, біз оны электроннды жүйенің көмегімен айналып тұрған сәттегі интеллектуалдық шектеу арқылы шешіп жатырмыз. Мұнда шектеу басқа конверсияланған аналогтардағыдай айналымдардың барлық диапазонында  әрекет етпейді, сондықтан Пайер Турбо қуаты дизельдік аналогтармен сәйкес келеді.

Үнемділікті көтеру үшін қоспаны байыту деңгейін интеллектуалдық өзгерту мүмкіндігімен отынды таратып шашу жүйесі жасалып, енгізілген. Өзгерту алгоритмдері қозғалтқыштың интеллектуалдық электронндық жүйелерімен әрдайым бақыланып отыратын жұмыстың температуралық-қуаттық режиміне байланысты болып келеді. Цилиндрлерге түбі ерекше формалы піспектер және арнайы жану камералары орнатылады – отын-ауа қоспасы тұтанған кезде олар қоспа аз көлемде келген жағдайда да жалынның оңтайлы таралуын қамтамасыз етеді.

Пайер Турбо қозғалтқышын топтамалық өндіріске шығарудың арқасында Global Gas Group негізгі міндетті шешеді, ол көлікті дизель немесе жанармайдан экологиялық және үнемді отынға (метан)  ауыстыру, мұнда осындай ауысудың артықшылықтарын сақтай отырып, оның бүкіл жағымсыз факторларын тегістейді:

  • Отын үнемділігі есебінен экономикалық пайда;  
  • Жоғары қуатты сақтау;
  • Қызмет көрсету және пайдалану қарапайымдылығы, жоғары сенімділік;
  • Алуан түрлі техниканы, соның ішінде жоғары қуатты жабдыұтауға мүмкіндік беретін әмбебаптық;  
  • Тиімді нарықтық құны мен пайдалану шығындары.  

Автокөлікті газға кешенді ауыстыру 

   Global Gas Group компаниясы түрлі жүк және арнайы техникаға орнату мүмкіндігі бар қуатты, сенімді әрі үнемді газды қозғалтқыштардың топтамалық өндірісін бір ізді қылды. Біздің компаниямыз бірқатар кәсіпорындарды табиғи газға ауыстыру бойынша кешенді шешімдерді ұсынып отыр, ол айтарлықтай экономикалық және пайдалану тиімділіктерін әкелмек:

  • Отынды үнемдеу және жөндеу аралық кезеңді ұлғайту есебінен көлік шығындарын оңтайландыру;  
  • Кәсіпорындардағы қозғалтқыштарға қызмет көрсетуді бірегейлендіру;  
  • Заманауи Евро-4, Евро-5 экоглогиялық стандарттарына ауысу;  
  • Техниканың алуан түрлі типтеріне орнату мүмкіндіктері;  
  • Тасымалдау және жұмыстарды орындау тиімділігін арттыру;
  • Газ моторлы көлікті пайдалану үшін инфрақұрылым нысандарын жобалау және салу;
  • Коммерциялық және мемлекеттік автопарктерді газды отынмен үздіксіз қамтамасыз ету.  

Назар аударыңыз! Global Gas Group компаниясы арнайы газ құралын тек лицензиясы бар компанияларда ғана орнатуды ұсынады. Бұл сіздің автокөлігіңіздің қауіпсіздігі мен жұмыстың сенімділігінің кепілі болмақ. Осыдан соң автомобильдің конструкциясындағы өзгерістерді тіркеу қажет, оған құралды пайдалануға сертификат алу, Автоинспекцияның актісін тіркеу және құрастыру, автомобильдің техникалық төлқұжатын ауыстыру жатады.

  Біз әрбір жобаны жасауға жіті көңіл аударамыз, оның тиімділігі мен іске асыру мерзімдерін есепке аламыз. Мұндай амал кәсіпорынның өндіріс қарқыны мен жұмысының тиімділігін төмендетпей-ақ көлікті жылдам әрі қиындықсыз қайта жабдықтауға мүмкіндік береді.