Global Gas Group компаниясының мамандары газды қозғалтқыштарды орнату мен оған қызмет көрсетуде бірталай тәжірибе жинақтаған: ондаған автокөліктерді метанға ауыстырудың кешенді жобалары жасалып, іске асырылған.
Газ моторлы отынның артықшылықтары мен автомобильдік паркті газға ауыстырудың пайдасы көлік және арнайы техникамен айналысатын сарапшылар арасында жақсы мәлім.
Алайда жаңа технологияларды қолдануға енгізуге қарай, тұтынушыларды дәстүрді отыннан әзірге онша танымал емес отын түріне қиындықсыз ауыстыруды қамтамасыз ететін инфрақұрылым туралы мәселе туындайды, ол тұтынушыларды газбен үздіксіз жабдықтауға және көлікке тиісті түрде сервистік қызмет көрсетуге кепілдік береді.
Өз көлігін газға ауыстыратын кәсіпорындардың автопарктеріне арнап жеке меншік инфрақұрылым құру дұрыс шешім болмақ. Корпоративтік газ толтыру станцияларының болуы техниканы отынмен қамтамасыз етуге, бос көліктерді газ толтыру орындарына жеткізуге кететін экономикалық және уақыт шығындарын төмендетуге кепілдік береді, олай болса, бұл газды қозғалтқышпен жабдықталған коммерциялық автокөлікті, сондай-ақ муниципалдық автокөлікті қолдану тиімділігін одан сайын арттырады.
Global Gas Group компаниясының қызметінің негізінде жатқан СТГ технологиясының арқасында газ құю станцияларын ол қажет болған барлық жерге – кәсіпорын территориясында немесе қаладан қашықтықта орналасқан жерге ортану және салу мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар газ құю станцияларының көбінде табиғи газдың қорын қамтамасыз ететін отын қоймалары бар, соның арқасында жуырда ғана метан табиғи газы пайда болған Астана мен Солтүстік Қазақстан аумағында өзекті мәселе болып келетін техниканың жұмыссыз тұрып қалу қаупі айтарлықтай азаяды.
Сұйылтылған табиғи газ технологиясы алатын көлемінің 600 есеге азаюының арқасында пайдалы логистикамен қатар метанды Қазақстанның кез келген жеріне жеткізеді, сонымен қатар оқшауланған автопаркке арналған газ моторлы отынның біршама қорын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Global Gas Group компаниясы кәсіпорындардың инфрақұрылымдарды салу және қамтамасыз ету жобаларын газ моторды отынмен және тиісті құрал-сайманмен жабдықтауға мүмкіндігі бар.
Тұтынушыны табиғи газбен жабдықтау үшін көлікте қандай газ құралы орнатылғаны және қандай отын қолданылатыны – мейлі ол сұйылтылған, мейлі сығылған табиғи газ болсын, маңызды емес – кез келген жағдайда метанды жеткізу және сақтау сұйылтылған түрде (СТГ) жүреді, ол логистикалық шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Газ моторлы отынға арналған құю кешендері өз кезегінде әмбебап болуы мүмкін: бір мезгілде көліктерге сұйылтылған газды да (құрамында сақтау және құю тапаншалары бар), сығылған газды да (қайта газдандыру және коспрессорға арналған қосымша құралмен бірге жинақталады) құя алады.
Global Gas Group мамандарының арнайы мақсаттағы қашықтықтағы, сондай-ақ қала ішінде орналасқан инфрақұрылымдарды жобалауда да, салуда да тәжірибесі бар. Орналастырудың әрбір жобасы бірегей болып табылады, сондықтан да бізде типтік шешімдер жоқ: табиғи газды сақтау және оны құюға арналған инфрақұрылымды жоспарлау кешенді тексеруден соң ғана жүргізіледі және тапсырыс берушінің қажеттіліктеріне және автопарктің ерекшеліктеріне байланысты болады. Жобалауда нысанның елді мекендерден қандай қашықтықта орналасуы, техника саны, оның мақсаты мен тұтыну көлемі есепке алынады.