Кері қоңырау

күш-жігерімізбен Астананың ауасын анағұрлым таза етеміз

5 наурызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тікелей эфирде бес әлеуметтік бастама туралы ұсыныспен баяндама жасады. Мамандардың пікірінше, әрқайсысы бөлек өзекті мәселені шешуге бағытталған бастамалар жиынтығын іске асыру барысында ел халқының бірнеше миллиондаған тұрғынының мүддесі қозғалады. Келесі күні Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Сағынтаев Президент жүктеген міндеттерді министрлер арасында бөлді. Өзгелердің арасында, әлеуметтік президенттік бағдарлама Астананы, Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлерін газдандыру мәселесін қамтиды.

Біз Global Gas Regazification компаниясының директоры Панаёт Саулидиден газ мәселесінің шешілу келешегі туралы сарапшылық түсініктеме алдық:


Халықты газбен жабдықтау және елдегі экологиялық ахуалды жақсартуға қатысты Президенттің бастамасын біздің басым міндеттерімізге жатқызамын: бірнеше жылдан бері біздің командамыз Үкіметтің 2014 ж. қаулысына сәйкес Астана мен Қазақстанның солтүстік өңірлерін газдандыру бөлігінде ҚР газдандырудың бас схемасын іске асырумен жұмыс істеуде.

Бүгінгі күні біз белгілі бір ресурстарға иелік етеміз, магистральді газ құбырының келуіне оны дайындау мақсатында астананың газ инфрақұрылымын жайластыру үшін түсінігіміз, тәжірибеміз және Астананы дамытудың бас жоспарымен келісілген стратегиямыз бар.

Газ саласының көптеген мамандары қазір бастаманы іске асыру үшін Мемлекет Басшысы белгілеген тым қысқа мерзімдер туралы айтуда. Алайды, Президент қойған міндетті газ рыногының барлық ойыншыларының күш-жігерін шоғырландырған жағдайда ғана мерзімінде орындауға болады деп ойлаймын: сонымен бірге «Сарыарқа» газ құбыры желісі салынып жатқан кезде қалаішілік тарату желілері мен тиісті инфрақұрылымдарды салуды қарқынды түрде қатар жүргізу қажет. Жоғарыда айтып кеткенімдей, бұл үшін біздің мамандарымызда тәжірибе мен білім жеткілікті. Бұған қоса, Global Gas Regazification компаниясында бүгін қажетті отын ресурсы бар.

Қорыта келгенде, газдандырудың негізгі әсеріне баса назар аударғым келеді. Газдалатын өңірлерде экологиялық ахуалды едәуір жақсарту – жолдауда айтқандай,негізгі мақсат болып табылады, ОЭО мен жекеменшік секторды газға ауыстыру есебінен шығарындылар мөлшері 6 есе төмендейді.

Астана атмосферасы ластануының 50%-ға жуығы пайдаланылатын отынның төмен экологиялық класына байланысты автокөліктен шығатынын айта кеткім келеді. Бізде Астанада Экспо-2017 халықаралық көрмесіне келушілерге қызмет көрсеткен жолаушылар автобустарын таза газмотор отынымен жабдықтау бойынша табысты тәжірибеміз бар және бүкіл қала көлігін газға жүйелі түрде ауыстыруды шұғыл түрдежүзеге асыру қажет деп есептеймін. Бұл мәселеде мемлекет осы бағытты дамытуды ынталандыруға үлгі бола отырып, негізгі рөл атқаруға міндетті, бұдан соң тренд коммерциялық көлік кәсіпорындары мен қатардағы автожүргізушілерді қамтиды.

Осы екі бағыт бойынша бірлескен жұмыс бізді қалаған нәтижеге әкеледі – азаматтардың денсаулығын бұзатын қоршаған ортаға шығарындылар мөлшері едәуір қысқарады. Мен ортақ күш-жігерімізбен Астананың ауасы едәуір таза болуына ықпал етеміз, әр үйге жайлылық пен береке әкелеміз деп үміттенемін.