Кері қоңырау

Астананы газдандыру: шақырулар мен мүмкіндіктер

Global Gas Regazification компаниясының директоры Саулиди Панаёт Atameken бизнес-каналының «Нефть» (мұнай) хабарында сарапшы рөлінде болды, оның кезекті шығарылымы «Сарыарқа» магистральді газқұбыры желісін салу арқылы Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлерін газдандыру жобасына арналды.

Сұхбат барысында магистральді құбыр желісі мен газ инфрақұрылымын салу мәселелері мен ерекшеліктері, жалпы газдандыру жобасының өзін іске асыру перспективасы мен ерекшеліктері, сондай-ақ жаңадан газдандырылған өңірлер – олардың экономикалық ахуалы мен экологиясы үшін ашылатын мүмкіндіктер қозғалды.

Басым қолданыстағы кәсіби тәжірибеге сүйене отырып, П. Саулиди мүлде жаңа салалық тарифтеуді қалыптастыру қажеттілігін, жекеменшік секторды қосуды іске асыру үшін «ұзақ» инвестицияны, отын ресурстарының негізгі тұтынушылары ретінде ЖЭО-ның газға ауысуға әзірлік дәрежесін қамтитын ҚР Президентінің шұғыл әлеуметтік бастамасынан кейін туындаған нақты шақыруларға сараптамалық баға берді. Сұхбат барысында Панаёт Саулиди сондай-ақ өткір экологиялық мәселені шешудегі екінші нақты және тиімді құрал ретінде газ мотор отынды белгілей отырып, дизель немесе бензиннің орнына газ мотор отынын пайдалануды танымал ету маңыздылығын баса айтты.



Анықтама үшін:

Atameken Business Channel – бірінші қазақстандық мультимедиялық бизнес жаңалықтары арнасы. «Нефть» (мұнай) - еліміздің кірістерінің елеулі бөлігін қамтамасыз ететін мұнайгаз секторының тынысы туралы сараптамалық телебағдарлама.