СТГ магистральдыға балама болып келетін одан әрі тауар газына айналдырып цистернаның көмегімен («виртуалды газ құбыры») Қазақстанға табиғи газды жеткізу үшін қолданылады.
Global Gas Group қызметінің негізгі бағыттары:
· СТГ технологиясының потенциалын тиімді пайдалануға арналған газ инфрақұрылымының құрылысы (құбыр өткізгіш желілер, таратушы станциялар және басқа);
· СТГ өндірісі;
· Құрлықтағы тасымалдау және газ логистикасы (авто- және тж тасымалдау, сақтау);
· СТГ табиғи газды өндіру (қайта газдандыру);
· Астана мен Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі нарықтың автокөліктеріне газ моторлы отынды енгізу және дамыту, Қазақстан аумағында, сонымен қатар жібек жолы бойында СТГ-отынын дамыту.
Жоба идеясы:
Қолданыстағы автономды жылу негіздердің энергия тасымалдаушыларын LNG инновациялық технологиясын пайдалана отырып табиғи газға алмастыру. Табиғи газ неғұрлым экологиялық энергия тасымалдаушы болып табылады, максималды жайлылыққа және қолдану кезіндегі төмен эксплуатациялық ұстамдылыққа иа, табиғи газдың құны дизельдік отынға және электр энергиясына қарағанда төмен.
Жоба мақсаты:
1. Автономды қазандықтарды және жеке меншік секторды газдандыру – автономды қазандықтарды сұйық отыннан, ал жеке меншік секторды көмірден табиғи газға ауыстыру.
2. Күрделі құрылыс нысандарын салу арқылы, қалалық газ таратушы жүйесін дамыту арқылы сенімді газ инфрақұрылымын құру.
3. Автокөлік пен арнайы техниканы табиғи газға ауыстыру, көлікке арналған газ инфрақұрылымын дамыту.
4. СТГ өндірісі бойынша дербес қуатты құру, энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Ұсынылатын жобаны жоспарлы түрде және уақтылы іске асыру келесідей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
1. Жеке меншік үй-жайлардағы халықты көмір мен дизельдік отынды пайдаланудан бас тарту мүмкіндігі пайда болады, табиғи газ тұтынушылардың бұл тобын үші жылу және ыстық сумен қамтамасыздандыратын (ЫСҚ) ыңғайлы, қауіпсіз, жайлы әрі тиімді отын түрі болып табылады.
2.; Жеке меншік үй-жайларда тұрып, автономды қазандықтарды пайдаланатын халық қала мен облыстың экологиялық жағдайын әлдеқайда жақсартады.
3. Қалалық қоғамдық көліктің тиімділігін көтеріп, қызмет құнын төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ автокөлікке арналған отынды 50% дейін үнемдеуге және де көлік пен арнайын техникадан бөлінетін зиянды заттарды 85%-ға қысқартады. Көліктің мұндай түріне қалалық және қалааралық автобустар, жүк көлігі, қалалық арнайы техника жатады.
4. Әлеуметтік нысандар (сауда орталықтары, спорт – ойын-сайық нысандары, оқу және медициналық мекемелер және т.б.) – жылуға кететін шығындарды біршама азайтады, нәтижесінде олар ұсынатын қызмет түрлерінің құны да төмендейді немесе мемлекеттік бюджетке түсетін жүктеме де қысқарады.
5. Табиғи газды және газ құбырларын таратушы жүйелерді пайдалану қала тұрғызушылар мен құрылысшыларға инженерлік желілерді жобалау және автономдық қазандықтарды құру кезінде жаңа құрылғыларды ұсынады.
6. Инвесторлар газбен жабдықтау нысанына ие болады, оның негізгі сипаттамасы болжалды кірісі бар ұзақ мерзімді тұрақты ақша ағынын түрлендіру қабілеті.
7. Қазақстанның отынға деген қажеттілігі өсіп келе жатқан өңірлерін газбен қамтамасыз етуге үшін СТГ өндірісіне арналған ҚР өзінің дербес қуатын құру.
8. Магистральдық және ауыл аралық газ құбырлары құрылысының өзін-өзі ақтауының мерзімін азайту, себебі олар елдімекендерге құрастырылған газ инфрақұрылымымен және тұтыну жүйесімен жеткізілетін болады.
9. Коммуналдық және өндірістік кәсіпорындардың энергетикалық тұрақтылығын жылумен қамту жүйесіне отынның екінші түрін қосу есебінен 2 есеге көтеру.
10. ҚР газбен қамту жүйесінің сенімділігін СТГ газбен қамту негіздерінің апатты көзі ретінде сақтау жүйесін пайдалану мүмкіндігінің арқасында көтеру.
Бүгінгі таңда СТГ Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану тәжірибесі келесі іске асырылған кейстермен ұсынылған:
-2017 жылдан бастап Нұр-сұлтан қаласындағы ірі энергетикалық тұтынушыны "Назарбаев Университеті" АҚ газбен жабдықтау жүзеге асырылуда, газ тарату желісіне "Қазақстан Ғарыш Сапары"ҰК Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш орталығы қосылды.
- 2017 жылғы маусым-қыркүйек аралығында өткізілген Astana EXPO-2017 дүниежүзілік көрмесі аясында қалалық автобустарға сығылған табиғи газ (СТГ) құйылды.
- 2018 жылдан бастап "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті" РММ, сондай-ақ "Назарбаев Зияткерлік мектептері"қазандығына газ жеткізу басталды.
- 2018 жылғы тамызда "Rixos Borovoe"қонақ үйін газбен жабдықтау үшін Щучинск қаласында жаңа автономды КТҚС іске қосылды.
- 2020 жылдың басы – СҚО, Петропавл қаласында өндірістік циклды және "Молпродукт" ЖШС қазандығын жабдықтау үшін жобаланған сұйылтылған табиғи газды қайта газдандырудың екінші Жергілікті кешені іске қосуға дайындалуда.
- 2021 ж. тамыз-Нұр-сұлтан қаласының Есіл ауданында орналасқан "Тұран" СТГКҚ газ тасымалдау жүйесіне "Tamos Education" мектебі, "Cosmo city" тұрғын үй кешені және "Autodom Machinery"автосалоны жаңа абоненттерге қосылды.
- 2021 ж. Қыркүйек-"Global Gas Regazification" ЖШС өтеусіз негізде Нұр-сұлтан қаласының әкімдігіне "Тұран"СТГҚ газ тасымалдау жүйесіне қосылатын газ желілерінің екінші тармағының құрылысы бойынша ЖСҚ берді. Жобаланған газ желілері Нұр-сұлтан қаласының Есіл ауданында орналасқан медициналық кластерді (Хусейн Бен Талал көшесінің бойында) және спорттық кластерді (Тұран көшесінің бойында) қамтуы мүмкін.
- 2022 ж. Наурыз - "Astana Solar" ЖШС нысандарын, "TURAN PALACE" тұрғын үй кешенін және "ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің шұғыл медицинаны ұлттық үйлестіру орталығын"газдандыру үшін техникалық шарттарды беру бойынша жұмыс басталды.