«Тұран» сұйылтылған табиғи газбен қайта газдандыру кешені сұйылтылған табиғи газдың булануын, газдандырылған табиғи газды қажетті температураға дейін қыздыру, иістендіру және оны газ таратқышқа беріп, тұтынушыларға жеткізуді қамтамасыз ететін технологиялық жабдық алаңы болып табылады.
Қайта газдандыр нысанына арналған бастапқы шикізат сұйылтылған табиғи газ (метан) болып табылады. Екатеринбург қ. өндіріс кешенінен қайта газдандыру кешеніне дейін нысанды СТГ қамсыздандыру 0,7 МПа дейінгі біркелкі қысымда 19180 кг СТГ тасымалдауға мүмкіндік беретін «Global Gas Group» автомобиль көлік компаниясының көлемі 52 м3 криогенді изотермиялық автоцистерналармен жүзеге асырылады. Бұл мөлшер стандартты жағдай кезінде 28206 м3 ТГ пара-пар. Тұтынушыға жеткізілген соң сұйылтылған табиғи газ кәдімгі табиғи газ сияқты энергия тасмылдаушы ретінде пайдаланылады.
«Тұран» қайта газдандыру кешені бақылау жүйесі, автоматты реттеу, автоматтандырылған байланыс басқаруы мен апатты жағдай жайлы хабардар ету жүйелерімен жабдықтандырылған. Бұл жүйелер нысанда технологиялық операцияларды қауіпсіз жүргізу, жабдықтарды қашықтан басқару, қызметкерлерді нормадан ауытқуды немесе негізгі технологиялық көрсеткіштердің қауіпті (шекті рұқсат етілген) мәніне жеткізу жайлы, апатты жағдайлардың (өрт, газдалу және т.б.) пайда болуы хабардар етумен қамсыздандырады.
Технологиялық жабдық алаңында төмендегілер орналасады:
«Тұран» СТГ ҚК орналастыру магистральді газ құбырын жүргізбестен, Астана қ. кешенді жабу радиусында орналасқан нысандарды газдандыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Технологиялық шешімдер тұрғын үй тығыздығы жоғары аймақтарда орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік-тұрмыстық нысандарды жылумен және газбен жабдықтауды қамтамасыз етететін автономды жүйе желісін газдандырудың аудандық бағдарламасын қамтамасыз ету мақсатында жасалынған.
Орналасуы: Астана қ., №Е56 және №Е96 көшелерінің қиылысу телімінде
Құрылыс мерзімі: 4 ай
Қуаттылығы: 5 000 м3/сағ
Пайдалануға берілу: Ақпан, 2017 жылы
Нысанның тағайындалуы: өндірістік, әлеуметтік кәсіпорындар мен елді мекенді автономды энергиямен қамсыздандыру
Тасымалдау жолы «Екатеринбург-Астана»: 1 141 км
Модернизация: 2018 жылдың қыркүйегі, жобалық өндірістік қуатын жылына 80 млн/шаршы метрге дейін арттыру
Әрекеттегі тұтынушылар: «Назарбаев Университет» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК, РГУ «Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің атындағы Ұлттық қорғаныс университеті».
2017-2018 ж жылыту маусымында дизель жанармайын метанға толығымен ауыстыру арқасында үнемдеу: 700 млн. теңге/жыл
Зиянды заттардың эмиссиясын төмендету: жылына 23 тоннаға дейін
ДИЗЕЛЬДЕН ГАЗҒА КӨШУ НӘТИЖЕЛЕРІ
«Құбырсыз газдандыру» мақсатында табиғи газды пайдалану әсіресе экологиялық жүктемесі жоғары қалаларда тиімді. «Назарбаев Университеті» дизель қазанын «құбырсыз газдандыру» жобасын жүзеге асыру отынмен жабдықтауды қамтамасыз етуді ұйымдастыруда сезілетіндей оң өзгерістерін алып келді.
Біріншіден, дизель отынымен салыстырғанда метанның өзіндік құнының барынша төмен болуы есебінен ақшалай қаражаттардың үнемі 20 % жетті. Бұдан басқа атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларына төлем 25 % қысқарды.
Екіншіден, отын ретінде табиғи газды пайдалана отырып, қосымша жабдық арқылы тұтыну көзіне дизельді есептеуге, тасымалдауға, құюға және жеткізуге кірістірілетін адам және техникалық ресурстарды қысқарта алдық. Кейінге қалдырылған газбен жабдықтаудың арқасында экологиялық тұрғыдан және тұтас алғанда энергияжүйесінің қауіпсіздігі тұрғысынан қауіпсіздік деңгейі көтерілді.
Үшіншіден, қазандықты газге ауыстыру бізге күйе (С), күкіртсутегі (СО2) мен көмірсутегі (СН ) секілді ластаушы заттарды толық жоюмен 20% -ға дейін парникті газдардың (СО2)шығарындыларын азайту Астана экологиясын сауықтыруға айтарлықтай үлес қосуға, көміртегі тотығын(СО), азот тотығын (NO), азот диоксидін (NO2) және күкірт диоксидін (SO2) 6,5%-*ға қысқартуға себеп болды
Біз «GlobalGasGroup» ЖШС –не өздерінің әріптестік міндеттерін адал орындағаны, сондай-ақ, «Жасыл экономикаға» көшу бойынша ұлттық тұжырымдамаларды жүзеге асыруға үлес қосқаны үшін алғыс білдіреміз