Кері қоңырау

«Бурабай» сұйылтылған табиғи газбен қайта газдандыру кешені.

Описание проекта

«Бурабай» сұйылтылған табиғи газбен қайта газдандыру кешені одан әрі газды тұтынушыға беруге арналған СТГ қабылдау, сақтау мен қайта газдандыруды қамтамасыз ететін технологиялық жабдық алаңы болып табылады.

Осы жоба тұтынушының және Қазақстан Республикасының нормативті-кеңейтілетін базасының жеке талаптарына сай қатаң орындалынған және «Rixos Borovoe» қазандық кешенін экологиялық жанармаймен толық көлемде қамтамасыз етеді. «Global Gas Group» мен «Rixos Borovoe» қонақ үйінің біріккен жобасы Ақмола облысының табиғатты қорғайтын қорықтық аймағының экологиясын жақсартуға бағытталған бүткіл іс-шаралар кешенінің ішінде біріншісі болды.

«Бурабай» кешенінің құрамына келесі нысандар кіреді:

  • Технологиялық қондырғылар алаңы;
  • СТГ автоцистерналарына арналған алаң;
  • Автоцистерналардың ұйымдасқан кіру-шығару алаңы;
  • Операторлық блок-бокс.

«Бурабай» қайта газдандыру кешені заманауи автоматтандырылған бақылау, реттеу және басқару жүйесімен, жоғары технологиялық қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Барлық қолданылған жабдықтар, арматура мен материалдардың сәйкестілік сертификаттары бар.

СТГ-жанармайын Екатеринбург қ. ГТС-4 СТГ өндіріс кешенінен тұтыну нысанына дейін жеткізу 0,7 МПа дейінгі тепе-тең қысым кезінде 19180 кг СТГ тасымалдауға мүмкіндік беретін, көлемі 52 м3 «Global Gas Group» көліктік криогенді жартылай тіркеме цистерналарында жүзеге асырылады. Бұл мөлшер стандартты жағдай кезінде 28206 м3 ТГ пара-пар. Тұтынушыға жеткізілген соң сұйылтылған табиғи газ кәдімгі табиғи газ сияқты энергия тасмылдаушы ретінде пайдаланылады.

Дизель қазандықтарын газдандыру жобасы масштабты капиталды салымдар мен уақыт шығынын қарастырмайды, табиғи газ құнының дизель құнына қатысты айырмашылығының тиімділігінің арқасында, энергия көзіне кететін шығынды біршама қысқартады.

Жоба ақпараты

Орналасуы: Ақмола облысы, Щучинск қ.

Көліктік жол Екатеринбург-Щучинск 900 км

Құрылыс-жөндеу жұмыстары: 3,5 ай

Пайдалануға берілу: Шілде, 2018 ж.

Қуаттылығы: 9 Гкал/сағ

Атмосфераның жерге жақын қабатындағы ластаушы заттарың концентрациясының төмендеуі ≈10-15 %