Бірінші газ толтыратын станция (АГТКС), EXPO-2017 Халықаралық мамандырылған көрмеге келушілерді тасымалдауға арналған «JV MAN Auto-Uzbekistan» өзбек-герман кәсіпорыны ұсынған, едені төмен автобустарды экологиялық жанармаймен (табиғи сығылған газ метанмен) қамтамасыз ету мақсатында, халықаралық серіктестік шеңберінде салынған.
Осындай типті көлікке табиғи газды пайдалану 50% дейінгі үнемдеуді (дизель жанармайымен салыстырғанда) қамтамасыз ететді және Еуро 5 деңгейіне дейінгі экологиялық стандарттар талабына жауап береді, ол Қазақстан Республикасының энергия тиімділігі трендіне сай келеді.
Осындай АГТКС күніне 70 қала автобустарына дейін жоғары сапалы газмоторлы жанармаймен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие. Технологиялық процесс кезінде сұйылтылған табиғи газды сығылғанға айналдыратын автогазтолтыру станциясы бір уақытта 2 автобусты толтыра алады, біреуін толтыру уақыты – 20 минут.
Газмоторлы жанармаймен (метан табиғи газы) жұмыс істейтін көлік Қазақстанның оңтүстік аймақтарында, Өзбекстанда, Ресейде сәтті қолданылуда және өзін экологиялық, берік энергия тиімді ретінде көрсетті.
Орналасуы: Астана қ., №Е56 және №Е96 көшелерінің қиылысындағы телім
Тағайындауы: Жолаушылар шаттлын экологиялық жанармаймен қамтамасыздандыру
Нәтижесі: Метанға өту арқасында жанармайға кететін шығында 50 % дейін үнемдеу