2015 жылдан бастап біз газбен жабдықтау жүйесі мүлдем болмаса да, магистралдық газ құбырынан қашық қалалар мен өңірлердегі объектілерді жергілікті газдандырудың инновациялық тәсілін іске асырамыз. Әрбір жобаның негізінде патенттелген СТГ инновациялық технологиялар тізбегі жатыр.
Отынның дәстүрлі түрлерін (дизель, мазут, көмір және т.б.) неғұрлым үнемді және экологиялық таза энергия көзі - сұйытылған табиғи газға (метан) ауыстырудың арқасында біз отынға жұмсалатын шығындарды азайтып қана қоймай, қоршаған ортаға эмиссиялардың шығарындыларын да азайтамыз. Біз өңірлердің экологиясын сауықтыруға елеулі үлес қосып отырмыз, бұл Қазақстанның мемлекеттік "жасыл" экономикасының бағытына сәйкес келеді.
"Global Gas Regazification" командасы өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды, тұрғын үй-коммуналдық және ауыл шаруашылығының отын-энергетикалық жүйесін табиғи газбен жабдықтау үшін СТГ қайта газдандыру кешендерін салу бойынша іс-шараларды табысты жүзеге асыруда, сондай-ақ Қазақстан Республикасында газ моторлы отынды дамыту шеңберінде "таза көлік" жобасын іске асыруда.