Кері қоңырау
Испарители

Газбен қамту Өнеркəсіп үшін

Сұйылтылған табиғи газ – бұл Қазақстан өндірісінің дамуының орасан зор перспективалары, төмен энергетикалық шығындардағы сезілмелі экономикалық даму.

2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдауында елдің дамуында әлемдік инновациялық зерттеулерді қолданудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы халықаралық жобаларға қатысуға ден қою қажеттігін басып айтты. Ынтымақтастықтың мұндай түрі ең соңғы зерттеулердің қатарынан Қазақстанға қолдануға қолайлысын таңдауға мүмкіндік береді және еліміздің дамуына, әсіресе, энергетиканың дамуына жақсы серпін береді. Ғаламдық халықаралық зерттеулер мен жобалардың бір бөлігі болу – еліміздің жақын арадағы мақсаты. 

Қазақстан үшін бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі энергияның заманауи негіздерінің тапшылығы. Статиска келесідей болып отыр: бүгінгі күні халқымыздың 50%-нан төмен бөлігінің ғана табиғи газды қолдану мүмкіндігі бар. Осыған байланысты мемлекеттік деңгейде 15 жылға есептелген (2015-2030 жж.) Қазақстан Республикасын газдандырудың Басты сызбасы жасалған.

2015 жылы Қазақстанның астанасындағы Invest Forum Global Gas Group компаниясы Астана қаласының мемлекеттік және жеке меншік кәсірорындарын үнемді және экологиялық отынмен қамтамасыз ету жобасы ұсынды. Жоба негізіндегі СТГ ең соңғы технологиясының артықшылығы  келесіде: 

1. Қаржылық құрамы. Газ құбырын салу қыруар қаржылық салымды қажет етеді. Мысалы, Астана мен оның ілеспелі инфрақұрылымын газдандыруға кемінде 1 млрд. доллар кетеді. Бүгінгі таңдағы газды магистралдың шалғайда орналасуына байланысты сұйылтылған метанды нысанға жақын орналасқан қайта газдандыру станциясына жеткізу әлдеқайда арзанға түседі. 

Қалалық газ таратушы жүйенің GGG ұйымы бүгінгі күні-ақ тұтынушыларды болашақтағы дәстүрлі магистралды газбен жабдықтауға қосу мерзімін әлдеқайда қысқартты. Сөйтіп, 2020 жылға дейін Global Gas Group іске асыратын Астананы газдандыру бағдарламасы магистралды салуға шығындалған мемлекеттік инвестицияны Республикалық бюджетке жылдам қайтаруды қамтамасыз етеді.

2. Уақыт белдемі. Жобаны жасау және алдынмен магистралды, артынша құбыр желілерінің қалалық желісін салу бірталай уақытта талап етеді. Бұған құжатнамаға келісім алуға кететін уақыт тағы қосылады, сөйтіп, мерзім бірталай ұзарады.

3. Отынның жаңа форматы СТГ технологиясының арқасында басқа жиі қолданылатын отын ресурстарына қарағанда бюджет үнемділігін 30%-ға дейін қамтамасыз етеді.

4. Үздіксіз жеткізілім. Сұйылтылған табиғи газ өнімді сұйылту орнынан СТГ қайта газдандыру кешенінен дейін арнайы цистерналарда автокөлікпен жеткізіледі.

СТГ технологиясы масштабты жобаны іске асыру аясында қажет болатын едәуір қорды құруға мүмкіндік береді. Ол үшін шегінен 50-80 км қашықтықта орналасқан сыйымдылығы 25 мың тонна болатын сұйылтылған табиғи газды сақтауға арналған сұйыққоймаларды салу қарастырылған. Сақтау кешендерін пайдалануға енгізгеннен кейін бір ізге келтірілген автокөліктік аз тонналы логистикадан өзге газды жеткізу темір жол арқылы жүзеге асырылатын болады. 

5. Экология. Табиға газды қолдану зиянды механикалық қалдықтарды (қоқыстарды) және олардың атмосфераға шығарылуын болдырмайды. Астана үшін бұл мәселе өте өзекті, себебі, жану өнімдерінің концентрациясынан пайда болатын қаладағы тозаң қоспасы қаладағы экологиялық жағдайды айтарлықтай нашарлатады.

СТГ технологиясы – кәсіпорынды газдандырудың жаңа сапалы шешімі

Астанада «Тұран» сұйылтылған табиғи газын қайта газдандыру кешенін ашу бүкіл әлем бойынша энергетика саласындағы мамандардың пікірін тудырды.

Сұйылтылған табиғи газдың негізгі артықшылығы – бағасының төмендігі. Оған құбыр желісіндегі осыған дейін қолданылмаған энергия ағынын пайдалы түрде қолдануға мүмкіндік беретін айрықша технологияның арқасында қол жеткізуге болады. Сөйтіп, метан сырттан келетін (қосымша) энергияны шығындамай-ақ, яғни, ешқандай қаржылық шығынсыз сұйылтылады.

Астана республикамыздың астанасы ретінде СТГ технологиясының сөзсіз артықшылығын бірінші болып сынайды. Сұйылтылған газдың негізгі тұтынушылары өндірістік кәсіпорындар, тұрмыстық және коммуналдық қызмет саласы, көлік компаниялары, жеке меншік құрылыс секторы болып табылады.

Сұйылтылған табиғи газдың кәдімгі метаннан айырмашылығы оны тасымалдау алдында -161 градусқа дейінгі температурада салқындатуында (сұйылтады). Мұнда ол артық қоспалардан арылады. Осындай тазалаудың арқасында сапалық көрсеткіштері ұлғаяды және шығарылу кезінде құбыр желісіндегі газға қарағанда анағұрлым сапалы газ алынады

Global Gas Group компаниясы кәсіпорындарды газдандыруды жүзеге асырады, оның құрамында толық шаралар жиынтығы бар. Ұйымдарды оған қосу төмендегі жұмыстар тізімін атқара отырып, толық аяқтаудан соң жүзеге асырылады: 

  • Нысанды газдандырудың жобалық құжатнамасын жасау;
  • Тұжырымдар мен рұқсат қағаздарын алу;
  • Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу;
  • Құрал-жабдықтарды жеткізу, орнату және іске қосу;
  • Газдың қолданылуын есептеу құралын орнату;
  • Газды тұтыну процесін автоматтандыру және дабылдарды біртекті диспетчерлік қызметке шығару.

КРСТГ жеке алынған нысанды газбен жабдықтауды қарастыратын оқшауланған болуы мүмкін. Мұндай мақсат үшін кәсіпорынның өзінің аумағында орналасқан қайта газдандырудың жергілікті станциясы жабдықталуы мүмкін. Оның бірқатар артықшылықтары бар:

  • Газ құбырының құрылысына шығындалмай-ақ кәсіпорынды газдандыру;
  • Оны орнатуға кішігірім ғана аудан қажет;
  • Қызмет көрсетіп тұру үшін қызметкерлердің әрдайым басы-қасында болуы талап етілмейтін автономды құрал-жабдық қолданылады.

Мұндай тұтынушылар, көбінесе, қала инфрақұрылымынан біршама қашықтықта орналасады және тек жылыту мен ыстық сумен қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар электр энергиясына да мұқтаж.

Global Gas Group компаниясының мамандары когенерациялы газ турбиннді қондырғының инсталляциясы бойынша жобаны кешенді жүзеге асыруды ұсынуға әзір, оның негізгі міндеті жылу және электр энергиясының аралас жасалуы болып табылады.

Газ турбиннді қондырғының негізгі артықшылығы оның автономды және автоматтандырылған жұмысы, сондай-ақ кәсіпорынды энергетикалық жабдықтау жүйесінің жұмысы болып табылады. Мұндай қондырғыны өндірістік және тұрмыстық нысандарда пайдалану саласы шектелмеген деуге болады, ал оның қуаты электрлік және жылу энергиясының негізгі және резервті көзі ретінде қолданылуы мүмкін.