Кері қоңырау

Global Gas Group Астананы газдандыруды жалғастыруда

Global Gas Group Astana LNG 2020 жаңа кезеңін іске қосты, Тельман сұйылтылған табиғи газын қайта газдандырудың екінші станциясын жобалау басталды.


Жылыту маусымы келісімен Астананы тұмша басып, қала танымастай өзгеріп кетті: қою түтін биік қабатты үйлердің жоғарғы қабаттарын жасырып, қаладағы көру мүмкіндігі нашарлады, қала тұрғындары ашық терезе арқылы пәтерлерге кіретін ыстың күйдіргіш иісіне шағымдануда.

Өкінішке орай, қаланың сыртқы келбеті мұндай жағдайда толғандыратын басты мәселе емес. Ауыр жүзгін, күл тозаңы және пештің қатты отынының, көмірдің немесе дизельдің басқа да жану өнімдері желсіз күні қаланың атмосферасында сақталып, тәуелсіз мамандарды зиянды заттардың қауіпті концентрациясы жайлы сөз қозғауына мәжбүрлейді.

смог над Астаной

Қаладағы экологиялық мәселені шешудің түбегейлі және тиімді тәсілі өндірістік нысандарды және жеке меншік секторды газдандыру, сондай-ақ көлік құралын газды моторлы отынға көшіру болып табылады. Ресми дереккөздерінің мәліметтері бойынша бүгінгі таңда (және көптеген жылдар бойы) ағымдағы жылдың қыркүйек айында мемлекеттік сараптамамен мақұлданған жоба бойынша (200 миллиард теңге) астанаға Қарағанды арқылы магистралды құбыр желісін салуды қаржыландыру көзі іздестірілуде.

Осы орайда, Global Gas Group Astana LNG 2020 газдандыру бойынша жобаны дамытудың жаңа кезеңінің басталғаны жайлы мәлімдеді. Газдандырудың дәстүрлі магистралды құбырының баламасы болып табылатын «құбырсыз» деп аталатын әдісі қалалық таратушы газ құбырының жүйесін жедел құрастырып, қаланы «үлкен құбырдың» келуіне әзірлеуге мүмкіндік береді. Жобаның стратегиялық мақсаты СТГ технологиясы негізінде газбен жабдықтау инфрақұрылымын құру және тұтынушыларға табиғи газды үздіксіз беруді қамтамасыз ету. Жеке меншік үш шаруашылығы, коммуналдық тұрмыстық кәсіпорындар және басқа да тұтынушылар отынға, ыстық сумен қамсыздануға және ас дайындауға кететін шығынын оңтайландыра алады.

2017 жылдың қазан айының бірінші жартысында Тельман СТГ қайта газдандырудың екінші станциясын жобалаудың негізі қаланды. Станция Астананың оңтүстік бөлігінде Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайдың маңында орналасады. Жаңа СТГҚГК пайдалануға енгізу және іске қосу 2018 жылдың соңына жоспарланып отыр.

тельман.png

Тельман қайта газдандыру кешені бірінші Тұран станциясынан әлдеқайда өзгеше болады. Негізгі және стратегиялық маңызды ерекшелік тұтынушыларды 10 күн бойы экологиялық отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін СТГ қорын сақтау мүмкіндігі болып табылады.

Тельман СТГҚГК Тұран станциясымен құбыр желісі арқылы байланыстырылады (біріктіріледі), ол нысандарды газбен жабдықтау жүйесінің беріктігін ұлғайтады. Толықтай алғанда, кешенді құру жобасы аясында жалпы ұзындығы 15 км болатын таратушы газ құбырының екінші кезегін құру да жоспарда бар.

Жаңа станцияның техникалық сипаттамалары таңқаларлықтай: Тельман кешенінің жобалық қуаты қолданыстағы станцияның қуатынан үштен бір есе асады және сағатына 15 000 м3/ құрайды, ол зиянды жану өнімінің атмосфераға шығарылуын біршама азайта отырып, кәсіпорындарды экологиялық отынмен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Астана әкімі Исекешев Әсет Орентаевичтің қолымен бекітілген хаттамаға сәйкес Барыс Арена, Алау және Велотрек, Әуежай сияқты кәсіпорындар және қайта газдандыру кешенінің әсері аймағында орналасқан басқа да ірі мемлекеттік және жеке меншік жылу және отын тұтынушылары газға ауысу кезегінде.

Тұран және Тельман кешендерінің толық қуаттағы жұмысы бюджет қаражатын орасан зор көлемде – жылына 5 миллиард теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге салсақ, 2017 жылдың ақпанында Астанада, Қазақстандағы жалғыз ғана Тұран қайта газдандыру кешенінде табиғи газ алғаш рет іске қосылды. Республика астанасындағы метан табиғи газының алғашқы тұтынушысы еліміздегі ірі нысандардың бірі, өзінің инновациялық әдісімен және ғылыми потенциалымен кеңінен танылған Назарбаев университеті болды.