Кері қоңырау

«Global Gas Group»:
табиғи газ «артықшылық» болмауы керек

Олег Юрьевич на стуле.jpgGlobal Gas Group бас директоры
Олег Юрьевич Гончаров

Бүгінгі таңда Қазақстан тұрғындарының жартысынан көбі табиғи газға қол жеткізе алмай отыр. «Көгілдір отынды» пайдалану «артықшылығы» еліміздің 9 өңірінің тек 42% ғана бар, бұл дегеніміз тұрғындардың шамамен 7 миллионы. Бұл мәселені шешу үшін республика басшылығы Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015-2030 жж. Арналған Басты сызбасын жасап шығарды. Бұл мәселе Париж келісіміне қол қойғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстанның шығарылу көлемін 1990 жылдың деңгейінен 2020 жылға қарай 15%-ға қысқарту бойынша міндеттеме алғаннан кейін өзектілігі арта түсті.

Оған қоса, табиғи газ отынның басқа түрлеріне қарағанда арзанырақ, үнемдірек және қауіпсіз. Осыған байланысты түрлі мемлекеттердің үкіметтері сұйылтылған табиғи газды (СТГ) кеңінен пайдалануға кіріскен. Оны пайдаланушы негізгі мемлекеттер: Жапония, Оңтүстік Корея, Испания, Франция, АҚШ, Қытай және Үндістан.

Биылғы жылы Қазақстанда Астана қаласының жекелеген аудандарының тұтынушыларын газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған СТГ қайта газдандырудың бірінші станциясы пайдалануға беріледі. Жобаны Global Gas Group компаниялар тобы іске асырады. Осыған орай, жобаның егжей-тегжейін және нақтысын анықтау үшін, сондай-ақ Қазақстандағы қайта газдандырудың ерекшеліктеріне көзқарасын білу үшін компанияның бас директоры Олег Гончаровқа жүгіндік.


-Жоба жайлы айтып беріңізші. Ол қайда іске асатын болады?

Астана қаласы мен Қазақстанның солтүстік өңірлерін сұйылтылған табиғи газ негізінде кешенді түрде қайта газдандыру жобасын бірнеше жыл бойы жасадық. Әлбетте, ең алдымен инновациялар мен жаңа технологияларды қолданудың флагманы ретіндегі Астанадан бастайтын болып шештік.

Осындай жобаларды іске асыруда біршама тәжірибесі бар Газпромдағы ресейлік серіктестерімізбен бірігіп, магистральді құбыр өткізгіштерден алшақ орналасқан өңірлерді, сондай-ақ магистраль құрылысы экономикалық немесе технологиялық жағынан тиімсіз аудандарды газбен жабдықтауға бағытталған СТГ кешенді енгізудің бағдарламасын жасап шығардық (авт. – ҚР солтүстік өңірлері).

Қайта газдандырудың бүкіл станцияларымен және тиісті инфрақұрылымымен 4 қалаға есептелген бүкіл бағдарламаға шамамен 900 млн. доллар инвестиция көлемі қажет.

Астанада қайта газдандыру, ең алдымен, келесі көшелердің телімінде орналасқан аудандарды қамтиды: Тұран даңғылы – Керей мен Жәнібек хандар көшесі – Орынбор көшесі – Қабанбай батыр даңғылы. Екінші кезек Көктал, Тельман және Индустриалды аймақ ықшамаудандарын қайта газдандыру кешенінің құрылысын қарастырады.

- Әрбір компанияның өзінің мақсаты бар. Сіздердің мақсаттарыңыз қандай?

Ең алдымен, жобаның коммерциялық құрамын былай қойғанда, ол елді дамытудың бірқатар әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешетінін айтып өткім келеді. Бұл орайда үш негізгі мақсатты бөліп алуға болады. Біріншісі, әрине, адамдарға көмек, газды пайдалану тиімді әрі экологиялық таза, сонымен қатар қарапайым және қолданылуы да ыңғайлы, жану қалдықтары болмайды (күл, түтін), жану өнімдерін сақтауға және жоюға арнайы орындарды ұйымдастыру қажеттігінің болмауы.

Екіншіден, автокөлік құралын неғұрлым экологиялық таза энергия тасымалдаушы ретінде газды моторлы отынға ауыстыру. Және үшіншіден, бұл агроөндірістік кешенді дамытуға жәрдемдесу.

Солтүстік Қазақстанның газ нарығының 2025 жылға дейінгі даму қарқынының ықтимал көлемі жылына шамамен 2,5 млрд. куб метрге бағаланады. Біздің мақсатымыз 2021 жылға қарай осы нарықтың кем дегенде 40-45%-ын қамтамасыз ету.

- Неліктен СТГ пайдалану қазіргі кезде әлем бойынша кеңінен таралып отыр? Оның артықшылығы неде?

СТГ пайдалану технологиясының өзі – бұл табиғи газды тасымалдау және сақтау мәселелерінің тиімді шешімі, ол табиғи газды дәстүрлі тәсілдермен жеткізуге қарағанда мүлде жаңа тәсіл болып табылады. Негізгі артықшылықтары – бұл пайдаланудың экономикалық тиімділігі, қауіпсіздігі, пайдалану мүмкіндіктерінің кең спектрі, инфрақұрылымды құру жылдамдығы.

Мысалы, Астана қаласына дейінгі және оның жолындағы газ инфрақұрылымының магистральді құбырының құрылысына ғана айтарлықтай инвестиция қажет, алдын ала есептеулер бойынша ол 1,3 млрд. долларды құрайды, бұның өзі қалалық тарату желілерін құру құнын қоспағандағы баға. Оған қоса, бұл айтарлықтай уақыт кезеңін қамтитыны тағы бар.

Бұл орайда тұтынушыларға құрамына инженерлік коммуникациялар енетін СТГ негізіндегі табиғи газды жеткізуді ұйымдастыру процесі әлдеқайда арзан әрі жылдам.

- СТГ пайдалану қаншалықты қауіпсіз екенін айтсаңыз?

СТГ қауіпсіз өнім болып табылады, ол жанбайды және жарылу қаупі жоқ, өйткені, атмосфералыққа жақын қысымдағы сыйымдылықтарды сақталады. Газ шыққан жағдайда дереу бууланып ұшып кетеді.

-Бүгінгі таңда Қазақстан автокөлік құралдарын газды моторлы отынға көшіруге бет бұрып отыр, бірақ әзірге біз газдың және құю станцияларының жетіспеуін байқап отырмыз, Сіздің компанияңыз СТГ технологиясының көмегімен осы мәселені шешуге көмектесе алады ма?

Бұл біздің бағыттарымыздың бірі. «Global Gas Group» компаниясы ойластырып отырған құю кешендері стационарлық АҚС ғана емес, сонымен қатар жылжымалы ұтқыр модульдерді де ұсынады. Ол көп капитал енгізуді қажет етпейді және табиғи газды отын ретінде пайдаланатын кәсіпорындардың өзінде, мысалы, автопарктерде орналасуы мүмкін. Бір цистерна шамамен 100 автобусты толтыруға мүмкіндік береді, одан соң оны толтыру немесе цистернаны басқа толығына ауыстыру қажет болады.

Кеңестің дәуірден кейінгі кеңістікте СТГ пайдалануға арналған инфрақұрылым жоқтың қасы деуге болады. Сол себептен Астанадағы сынамалы жоба сұйылтылған табиғи газды тиімді кешенді пайдаланудың көрнекі мысалы ретінде өте маңызды болып келеді.

Сонымен СТГ пайдалану спектрі әлем бойынша әрдайым кеңеюде. Автокөліктік құрал СТГ тек құю станцияларында ғана пайдаланып қоймайды емес, сонымен қатар көлік бірлігінің багында сақтау тәсілі ретінде де пайдаланатын болады. Темір жол көлігі, энергетика, когенерация – СТГ қарқынды пайдаланудың мүмкін аясындағы толық емес тізімі осы.

СТГ газды моторлы отын ретінде пайдалануды дамытудың негізгі бағыты муниципалдық көлік – арнайы мамандандырылған құрылыс, жол техникасы, жолаушылар автокөлігі болып табылады. Оған қоса, Жібек жолы бойымен халықаралық тасымалдау, сонымен қатар СТГ карьер жұмыстарына арналған үлкен жүк автокөлік құралдарында пайдалану қарқынды бағыт болып табылады. Ресей Федерациясында СТГ темір жол көлігінде пайдалану мысалы бар. Соның ішінде, Свердловск облысында отын ретінде СТГ пайдаланатын локомотивтерді сынау табысты түрде өткізіліп, аяқталған болатын. 2017 жылы газ құбыр жеткізгіштерінің сериялық шығарылымы жоспарланып отыр. Біздің солтүстік өңірлер үшін СТГ ауаның төмен температурасында пайдалану мүмкіндігі маңызды әрі өзекті болып келеді. Мұндай жағдайда отынның басқа түрлерін пайдалану айтарлықтай шығыны көп болып табылады, ал өте төмен температураларда тіпті мүмкін емес.

- Сіздің мақсаттарыңыздың бірі қазақстандық агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға жәрдемдесу болып табылады дедіңіз. Оның нені білдіреді?

Қазақстанның дәнді дақылдар маманы бүгінгі күні өнімді жоғары категория бойынша сатудың жоқтығынан немесе шектеулі мүмкіндігінен дәнді-дақылдың экспорттық бағасынан 20%-ға дейін айрылып отыр. Дизельдік дәнді-дақылды кептірумен айналысатын компаниялар бұл құралдың бірқатар кемшіліктері барын біледі, олар: жылу алмасудағы КПД көптеп жоғалуы (35%-ға дейін), дизельдік отынның дәнді-дақылға түсу мүмкіндігі, сонымен қатар иіс (жылу алмасусыз жұмыс жасағанда), осының бәрі сапаның жоғалуына әкеледі, нәтижесінде өнімнің құны төмендейді.

Сонымен қатар қолданыстағы құралдар көбінесе бір текті кептіруді қамтамасыз етпейді, егінді сату кезінде ылғалдық кесірінен бағаны төмендетпес үшін қосымша уақыт кептіруге тура келеді. Табиғи газбен жұмыс істейтін кептіргіш дәнді-дақылды кептіру процедурасын жеңілдете және жылдамдата алады, демек «дизель иісі»» сияқты жағымсыз факторларды жою, өнім құнының төмендеуіне әсер ететін кемшіліктерді жою деген сөз.

Республикамыз дәнді-дақылды миллион тонналап сатуды жүзеге асыратындықтан, бұл өндірістік шығындар бөлігіндегі тиімділікті қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар бірталай қосымша кіріс әкелуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ сапалы өнімді жеткізуші ретінде мемлекеттің дәрежесіне де жағымды /әсер етеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылық техникасының табиғи газға ауысуы өнімнің өзіндік құнына да жағымды әсер етпек.

- Түсінуімше, Сіздің компанияңыз Қазақстанға газды Ресейден жеткізеді. Қазақстанның территориясында өндірісті ұйымдастыру мүмкін бе?

Қазіргі кезде бұл мәселе әірге талқыланған жоқ, себебі СТГ өндірісі тұтыну нарығының дамуын, сондай-ақ СТГ сұйылтуға және сақтауға қажетті құрал өндірісі бойынша индустрияны дамытуды талап етеді. Мұндай шешім ішкі тұтынудың тиісті деңгейінде ғана өзін өзі ақтайды, оның өзі ұзақ мерзімді перспективаға жатады.

Мұндай өндірісті Қазақстанның территориясында да ұйымдастыруға болады, алайда оны орналастыру үшін газды таратудың белгілі бір техникалық шарттары мен параметрлері қажет. Біздің компаниямыздың әуел бастан алдына қойған мақсаты еліміздің солтүстік бөлігінің тұтынушыларын табиғи газбен қамтамасыз ету және инфрақұрылым құру. «Газпром» ПАҚ өз тарапынан осындай міндеттерді шешуге жәрдемдесуде, атап айтқанда, қажетті СТГ өтінім берілген көлемде алу және жеткізу мүмкіндігін ұсынып отыр. Қазақстанда осындай зауыттарды бірнеше рет құруға тырысқан болатын, соның ішінде Қытай компаниялары да бар, мысалы, магистральді құбыр өткізгіші бар Қостанайда. Алайда шығарылатын СТГ есептік құны «Global Gas Group» компаниясы Астананың соңғы тұтынушысына газды сатуға дайын бағасынан әлдеқайда жоғары болып шықты.

- Мемлекетпен және басқа компаниялармен серіктестікке дайынсыз ба?

Әлбетте. Бүгінгі таңда біздің компаниямыз жасалған бағдарламаны игеру бойынша жұмысты қаржыландыруды жүзеге асыруда. «Global Gas Group» жасап шығарған жоба ҚР заңнамасымен қарастырылған мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдары мен шараларын қолданатын қолданыстағы бизнес-модельге негізделеді. Іске асырылатын жоба әзірге біздің компаниямыздың өз қаражаты есебінен қаржыландырылуда, алайда БРК жетекшісі Болат Жамишев анонстаған жобаны қаржыландырудың жаңа амалдары да бізге өте ұнамды.

Қазір біздің жоба сияқты жобаларды іске асыру жобалық қаржыландырудың жаңа құралдары мен амалларының пайда болуына, сондай-ақ технологиялық қарқынды жобаларды алға жылжытудың даму институттарына белсенді түрде жәрдемдесу орын алады, себебі қызығушылығы бар инвесторлар мен мемлекет тарапынан белсенді қолдау болған жағдайда осы жобаны тезірек іске асыруға болады.

Біз осы жобаны іске асыруға құлшынып отырмыз. Сондықтан да мемлекетпен де, мемлекеттік әрі квази-мемлекеттік компаниялармен де, сондай-ақ нарықтың басқа қатысушыларымен де серіктестікке дайынбыз. Бізді, ең алдымен, жоба мен оның сапасы және оны іске асыру мерзімдері толғандырады. Табиғи газ «артықшылық» болмауы керек, оны пайдалану мүмкіндіктеріне, біздің пікірімізше, Қазақстанның бүкіл өңірлері ие болуы керек, соның ішінде алдыңғы қатардағы инновациялық, технологиялық, сонымен қатар экологиялық жағымды шешімдерді пайдалануға ұмтылатын еліміздің астанасы да бар.