Кері қоңырау

Ресейлік сұйылтылған газдың алғашқы партиясы Екатеринбургтен Қазақстанға жіберілді


Ресейлік сұйылтылған табиғи газдың (СТГ) алғашқы партиясының 19 тоннасы Қазақстанға жолданды деп хабарлайды оқиға орнынан ТАСС тілшісі. «Бүгінгі күні алғашқы партиясы жолданды, контракт шарты бойынша ол жыл сайын ұлғая түспек», - деді жолдау салтанатында Свердловск облысының губернаторы Евгений Куйвашев.

ГРС-4

Екатеринбургтегі ГРС-4 аз тонналы сұйылтылған табиғи газ өндірісі «Газпром трансгаз Екатеринбург» (ГТЕ, «Газпром» ЖАҚ еншілес қоғамы) компаниясы жасап енгізген бірегей технология. Урал мамандары жасап шығарған әлемдегі алғашқы технология қысымды шұғыл төмендету есебінен түпкілікті өнім құнын төрт есе азайтады. Магистралды құбыр желісіндегі газдың қысымы -50-70 атмосфера, ол қала бойынша 3 атмосфера қысыммен таратылады. Қысымның төмендеуінің барлық сатыларында газ кеңейеді де, өте төмен температураға дейін салқындайды. Осыған дейін бұл салқындық ешқалай қолданылмады, ол тек қана «ауаны салқындатып» келген.

ГТЕ Бас директоры Давид Гайдттың айтуынша, басқа еш қай жерде мұндай технология қолданылмайды, барлық жерде газды электр энергиясының біршама көлемін сырттан пайдалана отырып, дәстүрлі тәсілмен сұйылтады.

Аз тонналы СТГ автокөлік құралымен Ресейден Қазақстанға жеткізудің алғашқы шартына 2016 жылдың желтоқсан айында Global Gas Group компаниялар тобына енетін "Газпром экспорт" ЖШҚ мен Global Gas Regazification ЖШС қол қойды. Урал метаны қолданылатын Қазақстандағы алғашқы нысан Астанадағы университет болмақ. Болашақта бұл энергия тасымалдаушыны Қазақстан астанасының басқа да нысандарын газдандыру үшін пайдалану жоспарлануда. 2017 жылы Қазақстанға барлығы 27 млн кубометрден астам метан экспортталуы жоспарланып отыр.Автоцистерна для перевозки СПГ

Global Gas Group компаниясының Бас директоры Олег Гончаровтың айтуынша, бүгінгі күні автономды кәсіпорындарды, халықты газдандырып, оны іске асыру, көлікті газға ауыстыру экологиялық қауіпсіздік тарапынан Астана үшін маңызды болып келеді. «Сондықтан бағдарламаны дамыту 2021 жылға қарай жарты миллиард кубометр көлемді іске асыруды білдіреді», - деп көрсетті ол.

ГРС-4

ЕКАТЕРИНБУРГ, 30 қаңтар.

Негізделген: http://tass.ru/ural-news/3981648

Губернатор дал старт проекту, открывающему новую страницу в энергетическом партнерстве между Россией и Казахстаном. Gosrf.ru – 30.01.2017 

Из России в Казахстан отправлена первая партия сжиженного природного газа. Сайт «Сделано у нас» – 30.01.2017

«Газпром трансгаз Екатеринбург» отправил в Астану первую экспортную партию российского сжиженного метана. Накануне.RU – 30.01.2017 

Из Екатеринбурга в Астану отправлена первая экспортная партия российского сжиженного метана. ФедералПресс – Уральский ФО – 30.01.2017

«Газпром трансгаз Екатеринбург» начал поставки сжиженного газа в Казахстан. АПИ – 30.01.2017

«Дочка» Газпрома из Екатеринбурга договорилась о поставках газа в Казахстан. Повестка дня – 30.01.2017

Губернатор дал старт проекту, открывающему новую страницу в энергетическом партнерстве между Россией и Казахстаном. Gubernator96.ru – 30.01.2017

Свердловчане отправили в Казахстан первую партию сжиженного природного газа. Oblgazeta.ru – 30.01.2017