Кері қоңырау

Аз тонналы СТГ тізбегіне не енеді?

Аз тонналы СТГ өндіру технологиясының мәні қолданыстағы тармақталған магистральды газ құбыры желісінің үлкен көлемдегі тиімді қолданылуы болып табылады. Құбыр өткізгіштегі қысымды төмендетудің барлық сатысында газ, сәйкесінше, ең төмен температураға дейін салқындатылады. Осы уақытқа дейін бұл салқындық ешқайда қолданылмады, ол жай ғана «атмосфераны салқындатып тұрды». Бүгінгі күні біз бұл салқындықты тұжыру технологиясының өзінен алып, аз тонналы сұйылтылған табиғи газ алу үшін қолданамыз.

Жаңа технологиямен алынған СТГ ең басты артықшылығы – оның құны. Ол сырттан алынған электр энергиясының айтарлықтай көлемін тұтына отырып сұйылтатын дәстүрлі түрде өндірілген газға қарағанда бірнеше есеп арзан.

Тұтынушыға жеткізу үшін біз криогеннді көлік ыдыстарын қолданамыз: цистерналарды, жартылай тіркеме-цистерналарды. Көлік цистернасынан алынған СТГ қайта газдандыру қондырғыларына, көлік құралдарының криогеннді отын бактарына жеткізілуі мүмкін немесе стационарлық сақтау қоймаларына да түсірілуі әбден мүмкін. Сақтау үшін суықтықты сақтау мақсатында бір-бірінен қабырғалармен оқшауланған қос қабырғалы сыйымдылық қолданылады.

Сұйылтылған табиғи газды қайта газдандыру үшін газды криоцистернадан кешен коллекторына тасымалдаудан бастап барлықпроцесстерде мүмкіндігінше төмендетілген электр тұтыну технологиясы қолданылады. Үш криогеннді тармақ, оның бірі – қабылдаушы, қалған диаметрі аздау екеуі – цистерналарды үрлеуді жүзеге асыратындары қысым құрады, оның қысымымен СТГ таратушы желіге шығарылады. Бұл технология сырттан келетін ешқандайэнергияны талап етпейді, газды желіге жіберу бойынша барлық жұмыс атмосфера есебінен жүзеге асырылады.

Электр энергиясынсызкешеннің басым бөлігі болып келетін атмосфералық буландырғышта жұмыс істейді, ол тұтынушыға жарамды тасымалданатынсұйылтылған табиғи газды жылытады және оны тасымалдауға оның сұйық агрегат түрінен газ тәріздес күйге айналуын жүзеге асырады. Мұндай ауысым газдың өзі мен қоршаған ортаның ішкі және сыртқы жүйесіндегі температураның айырмасы есебінен жүзеге асырылады.

Осы шешім негізінде жұмыс істейтін СТГ қайта газдандыру станциялары газ құбырлары желісінің құрылысынан кейін газ отынымен ірі өндірістік тұтынушыларды да, жеке меншік клиенттерді де газды түрлі көлемде маусымдық немесе тәуліктік жүктемеге байланысты қамтамасыз етеді.

Тұтынушыларды газ отынымен қамтамасыз ету үшін ТГС таңбалы құрылысын энергия негізіне байланыссыз жүзеге асырылады, ол отынның төмен құнын сақтау жағдайында оқшаудағы өндірістік нысандарға арналған жалғыз шешім болып табылады.

«Global Gas Group» ЖШС мен «Газпром трансгаз Екатеринбург» ЖШҚ аз тонналы СТГ өндіру, қайта газдандыру және қолдану саласында жинақтаған біріккен тәжірибесі, аумақты газдандырған жағдайда орасан зор болашағы бар екенін көрсетті. Аталған технология алынған газды алыс қашықтықтарға тасымалдау кезінде тиімді болып табылатындықтан, оқшау жатқан елдімекендерді және газ толтыру желілерін газбен қамтамасыз ету табысты және экономикалық жағынан тиімді болып келеді.

СТГ тәжірибе жүзінде қолданудың барлық жағдайларында келесідей артықшылықтары байқалған: дизельдік отынмен салыстырғанда құнының төмен (2 есеге дейін) болуы; оны жаққан кезде НҚ зиянды заттарының төмен эмиссиясы (мұнай отындарымен салыстырғанда 70%-ға дейін); СТГ сақтау және өндіру нысандарының неғұрлым жоғары экологиялылығы (технологиялық циклдердің тұйықтығы мен иілгіштігіне байланысты, сондай-ақ технологиялық процесстердегі агрессивті және зиянды заттардың болмауына байланысты).