Кері қоңырау

Global Gas Group еліміздің экологиясына деген қамқорлықпен.

Әдетте, Қазақстанның газдандырылмаған өңірлерінің, соның ішінде Республика астанасы Астана қаласының энергиямен қамтамасыз ету қазандықтары мен көлігіне арналған негізгі отын түрі дизель (солярка) және көмір болып табылады, олар жанған кезде бірталай улы заттарды бөліп шығаратыны баршамызды мәлім. Қоршаған ортаға әлі көп тарала қоймаған мазут пен қатты пеш отыны да аз зиян әкелмейді, олар көбіне өндірістік және тұрғын үй нысандарын жылумен қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Ауыр жүзгін, күлдің шаңы және басқа да жану өнімдері атмосферада қалып отырып, желсіз күні айтарлықтай жайсыздық тудырып, экологтардың мазасын қашырады.

СТГ –сұйық күйдегі табиғи газ (сұйылтылған табиғи газ). Қайта газдандыру нәтижесінде тұтынушы қарапайым тауар газын алады. СТГ технологиясының көмегімен тауар газы тиімді әрі қауіпсіз түрде жеке меншік және өндірістік тұтынушылардың жылыту, ас әзірлеу, сондай-ақ газ моторлы отыны ретіндегі қажеттілігінде пайдаланылады.

Қоршаған ортаға әсер еткен кезде, мысалы, шығарған кезде СТГ суда да, жерде де із қалдырмай, жылдам буға айналып кетеді.

Табиғи газ жану қазбаларының ішіндегі ең экологиялық отыны болып табылады және қазіргі кезде көмірқышқыл газының шығарылуын азайту үшін бүкіл әлемде қолданылады. Көмірмен салыстырғанда табиғи газ көмірқышқыл газы мен күкіртті әлдеқайда аз бөледі. Сұйылтылған табиғи газдың иісі, түсі болмайды, өртке қауіпсіз -және жарылу қаупі жоқ, химиялық жағынан улы емес. СТГ 75-99%-ға метаннан тұрады.

Метанның молекуласында көміртектің бір атомына сутектің төрт атомы келеді. Бұл элементтердің мұндай оңтайлы ара қатынасы басқа ешқандай көмірсутекте кездеспейді. Негізі метаннан құралған табиғи газға келетін болсақ, энергияның бір бірлігі өңделген кезде басқа энергия тасымалдаушыларға қарағанда аздау көмірқышқыл газы бөлінетінін білдіреді. Сөйтіп, пропанда көміртектің бір атомына сутектің 2,7 атомы келеді, мазутта бұл көрсеткіш бұдан да аз. Қоңыр көмір жанған кезде көміртектің диоксиді бойынша ең нашар көрсеткіш: әрбір өңделген энергия бірлігіне табиғи газдікіне қарағанда жылыжай газ екі есе көбірек бөлінеді.

Сөйтіп, «көгілдір отынның» көміртектің қос қышқылды бөлуді азайту потенциалы бар. Экономика және саясат Қорының тапсыруымен Германия халықаралық саясат және қауіпсіздік институтында Йенс Хоб өткізген табиғи газдың экологиялық потенциалын зерттеу нәтижелеріне сәйкес табиғи газ жанған кезде басқа энергия тасымалдаушыларға қарағанда әлдеқайда аз СО2құрайды.

2009 жылы CLng тапсыруымен Pace Global Energy Services жүргізген басқа тәуелсіз зерттеу АҚШ қолданыстағы көмір электр станциялары қайта газдандырылған  СТГ негіздегі электр энергиясының өндірісіне қарағанда жылыжай газдарын екі есе көп шығарады. Тіпті ең таза көмір технологиялары қайта газдандырылған СТГ негізінде өндірілетін электр энергиясына қарағанда өміршеңдік кезеңнің жылыжай газдарын 70 пайызға көп өндіреді.

Бүгінгі таңда Астана қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу Басқармасының мамандарының айтуынша, табиғи орта, соның ішінде, жер, су, ауа белсенді антропогенді әсерге бейімделген. Мамандардың пікірінше, шығарылу негіздерінің небәрі үш ең маңызды мүрі бар. Олар: стационарлық негіздер (ЖЭО, қазандықтар), автокөлік және шығарылулардың ұйымдастырылмаған негіздері (құрылыс алаңдарығ өндірістік алаңдар, цемент орындары, асфальт бетон зауыттары және т.б.).

Астана қаласын газдандыру жобасы аясында қала мен өңірдің экологиясына келетін жағымсыз әсерді бірталай азайтуға болады. СТГ технологиясы экологиялық жағымсыз энергия ресурстарын алмастыруға мүмкіндік береді.