Кері қоңырау

Астанада автокөлікке арналған экологиялық жанармай пайда болды

Қазақстанның астанасында көлікті экологиялық жанармаймен (сығылған табиғи газ метан) толтыруды жүзеге асыратын алғашқы газ құю станциясы (АГТКС) орнатылды. Жаңа газ моторлы жанармай EXPO 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілерді тасымалдайтын  шаттлдарда кеңінен қолданылып отыр және Астананың қалалық көлігіне қолжетімді.


Хранение КПГ

Халықаралық ынтымақтастық аясында Global Gas Group компаниясы экологиялық газ моторлы жанармаймен (метанмен) шаттл-бас қызметін ұйымдастыруға арналған «JV MAN Auto-Uzbekistan» өзбек-герман кәсіпорны ұсынған төмен еденді автобустарды қамтамасыз етеді. Автобус бағыттары Астананың ірі мейманханаларының, Әуежай мен Астана ЭКСПО-2017 көрме кешенінің арасынан өтеді. Бүгінгі күні-ақ астана тұрғындары мен қонақтары халықаралық көрме өтетін орынға жайлылықпен және қауіпсіз түрде жете алады.

Автобус на метане

Газ моторлы жанармаймен (табиғи газ метан) жұмыс істейтін көлік Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде, Өзбекстанда, Ресейде табысты түрде пайдаланылуда және өзін экологиялық, ұзақ мерзімді және энергия үнемді жанармай ретінде көрсетті, бұл, әлбетте, ЭКСПО 2017 – Болашақ энергиясы көрмесінің басты тақырыбына толықтай сай келеді.

Қала аумағында алғашқы АГТКС орнату күніне 70 жуық қала автобусын жоғары сапалы газ моторлы жанармаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көліктің мұндай типіне табиғи газды пайдалану 50% дейінн үнемдеуге мүмкіндік береді (дизельдік отынмен салыстырғанда) және Евро 5 қоса алғандағы деңгейдің экологиялық стандарттарының талаптарына сай келеді, ол Қазақстан Республикасының энергияны үнемдеу трендіне толықтай сай. Технологиялық процесс барысында сұйылтылған табиғи газды сығылған газға айналдыратын автокөліктерге жанармай құю станциясы бір мезгілде 2 автобусқа жанармай құя алады, бір толтырудың уақыты – 20 минут.

Заправка автобуса метаном

Осыған дейін де айтылғандай, газ моторлы отын бағытын дамыту астананы газдандырудың екінші сатысы болды: 2017 жылдың маусымындағы Астана экономикалық форумының барысында Асет Исекешев энергияны үнемдеудің кешенді жоспары аясында газдандыру мәселелері бойынша шешім жуырда қабылданады деп атап өтті. Естеріңізге салсақ, 2017 жылдың ақпанында астанада табиғи газ пайда болды – Астана қаласының Әкімінің қатысуымен қайта газдандырудың алғашқы станциясы салтанатты түрде іске қосылды.