Кері қоңырау

Экологиялық СТГ-отынды таңдау құқығы

Қазақстан Республикасы Конституция күні қарсаңында  «Global Gas Group» табиғи газды бастапқы іске қосуды жүзеге асырып,  «Rixos Borovoe» сұйылтылған табиғи  газын қайта газдандыру кешінін пайдалануға енгізді.    

Қуаты сағатына 9 Гкал жаңа қайта газдандыру кешені бар болғаны бірнеше айдың ішінде  Ақмола облысында табиғатты қорғау қорық аймағында салынды және  «Rixos Borovoe» отель кешенін экологиялық отынмен толық дәрежеде қамтамасыз етеді. Бұл жоба Қазақстан Республикасы  нормативтік рұқсат базасы мен тұтынушының жеке талаптарына қатаң сәйкестікте орындалды.  Бүгінгі күні соған сәйкес «виртуалды құбыр желісі»  жұмыс істейтін технологиялық тізбек 2017 ж. EXPO Astana халықаралық көрмесінде таныстырылды, артынша Нұрсұлтан Назарбаев  құбырсыз газдандыру жобасын мақұлдады және Ақмола облысының әкімдігі қолдады.

28.JPG

Дизель қазандықты газдандыру жобасы  ауқымды күрделі қаражат салымы мен уақыт шығындарын қарастырмайды, дизельмен салыстырғанда табиғи газ құнындағы тиімді айырмашылық есебінен энергия ресурстарына жұмсылатын шығынды едәуір қысқартады.   

 «Rixos Borovoe» қайта газдандыру кешені қазіргі заманғы автоматтандырылған бақылау, реттеу және басқару жүйелерімен, қауіпсіздіктің жоғары технологиялық жүйесімен жарақтандырылған. СТГ-отынды газ сұйылтатын зауыттан тұтыну объектісіне дейін жеткізу криогенді түтіктерде тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.   Тұтынушыға жеткізгеннен кейін сұйылтылған табиғи газ әдеттегі табиғи газ сияқты сол  мақсаттар үшін  пайдаланылады.    

 «Global Gas Group» пен «Rixos Borovoe» отелінің бірлескен жобасы Ақмола облысы табиғатты қорғау қорық аймағы экологиясын жақсартуға бағытталған іс-шаралардлың тұтас кешені  арасында алғашқысы болды.  Таяу уақытта біз объектілерді локальді газдандырудың кейінгі жобаларын іске асыру үшін алынған жемісті тәжірибені ауқымды етуді жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге біз өңірдің қолданыстағы экологиялық проблемаларын шешудің келесі кезеңін іске асыруға дайындадық – бұл облыстың қала және арнайы көлігін біртіндеп  мотор СТГ-отынға көшіру», - деді    «Global Gas Regazification»  директоры Панаёт Саулиди.

 2017 жылғы ақпанда «Global Gas Group»  «Astana LNG 2020»  жобасы шеңберінде Астана қ. алғашқы «Тұран» СТГҚГК іске қосқанын,   оның тұтынушылары «Назарбаев Университеті»,  «Ғарыш Сапары» ҰК АҚ және Қорғаныс университеті болғанын естеріңізге сала кетеміз. Тек осы үш объектінің қазандықтарын дизель отынынан табиғи газға ауыстыру 2017-2018 жж. жылыту кезеңінде  Астана  аумағына зиянды заттарды шығаруды 23 тоннаға қысқартады және бюджет ақшасын едәуір 700  млн. теңге мөлшерінде үнемдейді.