Кері қоңырау

Бірінші газбен жылу беру маусымының нәтижелері шығарылды: «Үнемделген ақшаға үш мектеп салуға болады»

Астанадағы өткен қыс ауытқушылықтары мол арктикалық суықтарымен қалалықтардың есінде қалды. Қаңтарда циклон өңірге, кей жерлерде 40 градусқа дейін жететін, едәуір төмен температураларды алып келді .

Астаналық коммуналдық қызметтер нәтижелерін шығаруға жаңа дайындалып жатқанда, «Global Gas Group» компаниясы тобының мамандары Астана қ. 2017-2018 жж. өздерінің бірінші жылу беру маусымының нәтижелерімен бөлісті.

6.jpg

«Жалпы жылу беру маусымы тұрақты және апатсыз өткізілді. Объектілердің газбен жабдықталуындағы іркілістерге жол берілген жоқ. Бұл факт Республикасмыздағы бірінші және жалғыз ғана «құбырсыз» газдандыру жобасының іске асырылу табысын көрнекті көрсетеді. Біз объектілерде дайындық жұмыстарын уақтылы жүргіздік, СТГ газбен қайта жабдықтау және үлестіріп тұратын газ құбыры кешенінде жоспарланған профилактикалық жұмыстар толық көлемде орындалды. Бүгінгі күні Астана қаласында болып отырған барлық газ инфрақұрылымына жалпы саны 23 адам құрайтын персоналдың білікті және тәжірибелі командасы қызмет көрсетеді деп, хабарлады «Global Gas Regazification» ЖШС бас инженері Ұлас Қасенов.

2017-2018 жылдарға арналған жылу беру маусымына тұтыну болжамдарын есепке ала отырып, өндірушіде сұйытылған табиғи газдың 6700 тоннасы кейінге сақталынды. Барлығы 2017 жылғы 27 қыркүйек және 2018 жылғы 29 сәуір аралығында мамандандырылған автопоездармен 350 рейс орындалды және Астана қ. 5 950 тонна СТГ жеткізілді. Сонымен, өткен жылу беру маусымында жалпы ресурстық база тұтынушыларды табиғи газбен торлық қамтамасыз етуге, атап айтқанда 8,295 млн. м3 қамтамасыз етуге мүмкнідік берді.

Абоненттермен газды алу тапшылығы 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларына келді және Тұран станциясының барынша мүмкіндігі 10 000 м3/сағ болған кезде 3 000 м3/жуық газ көлемін құрады.

Станцияның іске қосылған сәтінен бастап 3 мемлекеттік объект газдандырылды –«Назарбаев Университеті» АҚ, «Қазакстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ , 2018 ж. 03.04. бастап «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» РММ қазандығына газ жеткізіле бастады. Тек осы үш объектілердің жылу беру қазандықтарын дизельдік отыннан табиғи газға көшіру зиянды заттардың эмиссиясын 23 тоннаға қысқартуға және 700 млн теңге мөлшеріндегі бюджеттік ақшаларды елеулі үнемдеуге мүмкіндік берді.

1.jpg

Астана қ. Әкімдігінің және «Global Gas Group» ЖШС арасындағы астананы газдандыру туралы келісімге сәйкес, 2018 жылы Тұран даңғылы бойында орналасқан: Зияткерлік мектеп,   Алау, Астана Арена, Барыс Арена, Велотрек, ІІМ Гопиталі, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Әуежай (азаматтық және әскери сектор), Босанған кездегі және одан кейінгі емдеу-сауықтыру орталығы және Медициналық-санитарлық оңалту орталығы сияқты бірқатар ірі кәсіпорындарды дизельдік отыннан газдық отынға көшіру жоспарлануда. Сарапшылардың болжамдарына сәйкес, осы жоспарларды іске асыру бір жылдан кейін 2,2 млрд тенге үнем әкеледі және осы ақша қаражаттарын экономиканың әлеуметтік маңызы бар секторларға салуға мүмкіндік береді. Мысалы, үнемделген қаражаттардың жиынтық көлемі әрбіреуі 1200 оқушылар орнына арналған, үш орта мектеп құрылысының құнын толығымен жаба алады.

«Қазақстандағы бірінші «виртуалды» құбыр жүргізу құрылысының жобасын іске асыру– «Global Gas Group» астана мен еліміздің әлеуметтік өміріне қосқан үлесі. Алайда, тұтынушылар үшін дәлелді экономикалық пайдаға және қарапайым тұрғындар үшін экологиялық пайдаға қарамастан, біз қиындықтарға жолығамыз, кейде тіпті қарама- қарсы келулерге де тап боламыз. Жасыл отын қысқа мерзімде әрбір қазандықта пайда болуы үшін, біздің мамандар күн сайын жұмыс істейді: мейлінше ұқыптылықпен пысықталған технологиялық және бизнес үдерістер біздің бірінші қалалық жылу беру маусымын тиісті деңгейде өткізуге мүмкіндік берді. Ертеңгі күннің өзінде біздің осы тәжірибені барлық солтүстік өңір ауқымында ауқымдауға мүмкіндігіміз бар. Ал ол үшін, елеулі тәжірибелік және ресурстық база бар», – деп, түйіндеді өз сөзін заключил «Global Gas Group» ЖШС директоры Панает Саулиди.