Кері қоңырау

Astana Smart City 2016 форумында ынтымақтастық туралы жаңа меморандумға қол қойылған

30 қарашада бақытты өмірге арналған Astana Smart City 2016 «ақылды қала» Форум-көрмесі өтті, оған өмір сапасын көтеруге және қаланың инфрақұрылымын модернизациялауға бағытталған Қазақстанның жетекші кәсіпорындары мен ақылды технология саласындағы шетелдің көшбасшы-кәсіпорындары қатысты.

Форум аясында келесі жылы жүзеге асырылатын және қала тұрғындарының күнделікті өмірін жеңілдететін стратегиялық бағыттарды дамытудағы ынтымақтастық туралы 24 құжатқа қол қойылды.

Сарапшылардың айтуынша, қаланың әлеуметтік-экономикалық өмірін жақсартуға бағытталған ең маңызды smart-жобалардың бірі астананы кешенді газдандыру жобасы болып табылады: Global Gas Group пен Астана әкімдігінің арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Конгресс жайлы толығырақ ресми сайтта