Кері қоңырау

Global Gas Group және Газпром трансгаз Екатеринбург EXPO 2017 ASTANA

Global Gas Group және Газпром трансгаз Екатеринбург EXPO 2017 ASTANA бүкіләлемдік көрмесінде СТГ технологиясын ұсынды

EXPO 2017 сапары кезінде Қазақстан Республикасының басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейлік павильонды және Свердловск облысының экспозициясын тамашалап қайтты. Кездесуде Global Gas Group Уралдағы өкілі Александр Цыганков Қазақстан Президентіне Свердловск облысы, Астана мен ҚР солтүстік өңірлерінің арасында энергетика саласындағы ынтымақтастықтың дамуы туралы баяндады.


www.kazpravda.kzmediaupload282017082821b1f9c189437b878afa0f3c441fcf6d.pdf 2017-08-28 13-17-31.png

EXPO 2017 Свердловск облысының апталығына орайластырылған 22 тамыздағы Ресей-қазақстандық бизнес-форумы аясында Global Gas Group және Газпром трансгаз Екатеринбург компанияларының ынтымақтастығы мысалында Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық серіктестігін тиімді іске асыру және дамыту туралы баяндама жасалды. Форумға қатысушылар мен қонақтардың алдында, сонымен қатар Свердловск облысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен бизнесі өкілдерінің алдында Газпром трансгаз Екатеринбург компаниясының құрылымдық бөлімінің басшысы, сұйылтылған табиғи газдың аз тонналы өндірісін өндіру саласындағы көптеген өңдеулердің авторы Олег Мишин сөз сөйледі. Форум «Тұран» қайта газдандыру станциясына таныстыру турымен жалғасын тапты, онда қонақтарға Астана мен ҚР солтүстік өңірлеріндегі бүгінгі күні өзекті болып табылатын газ жобалары көрсетілді.

IMG_0803.jpg IMG_9145.jpg

Global Gas Group бас директоры Олег Гончаров бірінші кезкте Қазақстан үшін бірегей болып келетін «құбырсыз» газдандыру тәсілін ұсынды, ол магистралдық құбыр желісінен қашықтықта орналасқан қалалар мен жеке-жеке жайғасқан нысандарды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Газпром трансгаз газбен жабдықтаудың мұндай тәсілін бірнеше жыл бойы дамытып келеді. Давид Давидович Гайдттің еңбегінің жемісі бүгінгі күні халықаралық деңгейде жүзеге асырылатыны көз қуантады», - деп атап өтті Свердловск облысының құрылыс және инфрақұрылымды дамыту министрлігін басқарған Виктор Киселев.

IMG_7505.jpg

Global Gas Regazification директоры Панает Саулиди «Тұран» кешенінің иесі ретінде және құрылым және газбен жабдықтау саласындағы сарапшы ретінде негізіне «жасыл экономика» ережелері мен заңдары алынған сұйылтылған табиғи газбен қайта газдандыру тәсілдерінің ерекшеліктері тоқталып өтті.

Свердловск облысы губернаторының орынбасары Александр Высокинскийдің және делегацияның көптеген басқа мүшелерінің назары біріккен қазақстандық-ресейлік туынды – қайта газдандыру кешені территориясында экспонат ретінде ұсынылған Algabas толықтай газды қозғалтқышына ауды. Кеңінен ұсынылған Iveco базасында жасалған ол негізгі функционалдық талаптарға және саланың экологиялық стандарттарына сай келеді және де көп кешікпей, Қазақстан Республикасының аумағында жүк және карьералы техниканың газға көлемді ауысу перспективасымен топтамалық өндіріс іске қосылуы мүмкін.

IMG_1408.jpg IMG_9578.jpg

«Тұран» аумағында бүгінгі күні Астананың территориясындағы жалғыз автомобильдік газбен толтыру станциясы (АГТС) орналасқан, ол қонақтардың қызығушылығын тудырған еді – бұл Астанадағы EXPO 2017 көрмесінде Свердловск облысының делегациясының трансферіне арнап Өзбек серіктестерімен арнайы ұсынылған MAN экологиялық автобустарын газбен қамтамасыз ететін газ толтыру кешені. «Тұран» СТГҚГК орнатылған станцияның ресурсы мен қуаты бүгінгі күні экологиялық газды моторлы отынмен шамамен 30 бірлік техниканы жабдықтауға мүмкіндік береді.

Форум аясында Қазақстанның энергетика Министрлігінің, Астана қаласы және Қостанай облысының әкімдіктерінің өкілдерімен екі және үш жақты кездесулер өткізілді. Сөйтіп, Global Gas Group компаниясының бетке ұстарлары Қытай Ұлттық Корпорациясының вице-президентімен халықаралық экономикалық ынтымақтастық бойынша кездесу өткізді.