Кері қоңырау

«Газпром» ресейлік СТГ Қазақстанға экспорттауға тарихимыздағы алғашқы контрактқа қол қойды

газпром экстрол

«Газпром экспорт» ЖШҚ мен Global Gas Group компаниялар тобының құрамына енетін Global Gas Regazification аз тонналы сұйылтылған табиғи газды (СТГ) автокөлік құралымен Ресейден Қазақстанға жеткізуге тарихымыздағы алғашқы контрактқа қол қойды делінген ресейлік компанияның хабарламасында.

СТГ бірінші экспорттық жеткізу 2016 жылдың желтоқсанында жүзеге асырылады. Барлығы 2017 жылы Қазақстанға 5 мың тоннадан астам «Газпром трансгаз Екатеринбург» ЖШҚ сұйылтылған метан өндірісі экспортталады.

Ресейлік СТГ пайдаланылатын алғашқы нысан Астанадағы университет болмақ. Болашақта бұл энергия тасымалдаушыны Қазақстан астанасының басқа нысандарын газдандыру үшін де пайдалану жоспарлануда.

«Ең экологиялық энергия тасымалдаушы қазба болып табылатын табиғи газды неғұрлым белсенді түрде пайдалану – ірі қалаларда ұтымды тенденция болып табылады. Қолданыстағы табысты ынтымақтастыққа қосымша құбыр өткізгіш газын саудалау саласында Ресей мен Қазақстанның энергетикалық серіктестігінде жаңа парақты ашып жатқанымызды атап өту маңызды. «Қол қойылып отырған контракт аз тонналы СТГ жеткізу саласында өзара әрекеттестікті одан әрі дамытуға мықты негіз қалауға мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деп атап өтті «Газпром экспорт» ЖШҚ бас директоры Елена Бурмистрова.

Global Gas Group компаниялар тобының бас директоры Олег Гончаров өз кезегінде Астана мен Қазақстанның солтүстік аудандарын сұйылтылған табиғи газ базасындакешенді газдандыру бағдарламасы мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде және Қазақстан Республикасы үкіметінің тиісті шешімінің негізінде пайда болды деп атап көрсетті.

 

Дерек көзі: http://tass.ru/ekonomika/3915793