Кері қоңырау

«РариТЭК» компаниясы, кешендік тәсіл мәселелеріне арналған экспозицияны ұйымдастырды

2018 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті жұмыс сапарымен Қазан қаласына келді . Президент сапарының бағдарламасына «Қазан Кремлі» мемлекеттік мұражай-қорығында Татарстан Республикасының жетекші өндірушілерімен ұйымдастырылған экспозицияны аралау кіргізілді».

69A7974C-5FF3-43EB-A136-045E660F8AAD_w1023_r1_s.jpg

«РариТЭК» компаниясы, тіршілік қарекетінің әртүрлі саласына табиғи газды енгізу бойынша кешендік тәсіл мәселелеріне арналған экспозицияны ұйымдастырды, соның шеңберінде қалалық және қала маңы автомобиль жолаушылар тасымалына арналған қысылған және сұйытылған табиғи газда жұмыс істейтін техника, жол-құрылыс және ауылшаруашылық техникалары көрсетілді (ұсынылды).

Сапар кезінде мемлекет басшысы; Қазақстан мен Татарстанды жақын қарым-қатынастар байланыстырады, - деп атап өтті.

7bce6fff152983c16c9a763745f16de9.jpg

- Татарстан Республикасы бүгінгі күні Ресейдің өте дамыған өңірлерінің бірі болып табылады. Бұдан бұрын біз республиканың машина құрылысы өндірістерінің біртұтас желісімен танысуға мүмкіндік беретін көрмесінде болып қайттық. Өнеркәсіптің бұл бағыты біздің қызығушылығымызды білдіреді. «Біз, әрине Татарстан өндірісінің өнімдерін сатып алуға, сондай-ақ Татарстанда және Қазақстан аумағында бірлескен кәсіпорныдарды құруға ниеттіміз», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

6a2650be77d42b488ee8de3f17d3eb14.jpg

Сондай-ақ Қазақстан мұнай өндіруші ел екендігі атап өтілді. Қазіргі кезде мұнай өндіру өнімділігін арттырудың маңызы бар. Мұнай бағасы тұрақты емес, сондықтан оны қайта өңдеу қажет. Бұл бағытта Татарстанүлкен табыстарға жетті, - деп, атап өтті елбасы .

Экспозицияны қарау барысында Қазақстан Республикасында газмоторлы техниканы енгізу бойынша негізгі қадамдар белгіленді, сынамалы жобаларды бастауға арналған өңірлер анықталды.

213f82cdfd4ae3aea3c25d5936d28fc8.JPG

EXPO 2017 шеңберінде «Global Gas Group» компаниясы 3 ай бойы қала қонақтары үшін жақын қашықтықтарға қатынайтын жолаушылар көліктерін (шаттл) газмоторлы отынмен жабдықтауды жүзеге асырғанын естеріңізге саламыз (сығылған табиғи газ метан). Табиғи газды пайдалану көлік үшін 50% дейін үнем береді (дизельдік отынмен салыстырғанда), Евро 5 экологиялық стандарттарына жауап береді және энергия тиімділігімен экологияға қатысты Қазақстан Республикасында қабылданған бағамға сәйкес келеді .

29cb9cf8f0899088f1938641c4997d61.JPG

Көрмеде ұсынылған, табиғи газда жұмыс істейтін «Lotos» автобусы, «Global Gas Group» компаниясының қолдауымен қазірдің өзінде жолаушылар көлігін жетілдіру шеңберінде Көкшетау қаласында тестілеуден өтіп жатқаныныңмаңызы бар . Автокөліктік кәсіпорындар паркін жетілдіру және экологиялық газмоторлы отынмен (метан) тоқтаусыз қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыру үшін, «Global Gas Group» компаниясы астанаға және Қазақстан Республикасының солтүстік өңірлеріне табиғи газдың (СТГ) жалғыз ғана жеткізушісі ретінде, жақын арада қала аумағында автомобильдерді газбен толтыру станцияларының құрылысын жоспарлауда .

«Global Gas Group» компаниясының жоспарларында Қазақстан Республикасында СТГ және сараланымында ауыл шаруашылық техникасын енгізу қарастырылған. Осылайша, мысалы сұйытылған табиғи газда жұмыс істейтін бірінші құрылған МТЗ тракторына ерекше қызығушылық танытқан, дизельдік отынды тұтыну үлесі бар (60 % жуық), Трактор паркі – Татарстан ауыл шаруашылығындағы моторлы отынның негізгі тұтынушысы болып табылады . «РариТЭК» пен «ТПК МТЗ-Татарстан» компанияларының осы бірлескен әзірлемесі агроөнеркәсіптік кешенде табиғи газды белсенді енгізуге мүмкіндік береді.

ff5e4627dbbcaed29d9fc45ca7f0cc71.jpg

СТГ кең сұрыпталымының, әртүрлі салалық мақсаттағы техниканың және осы отынның өндірісі мен іске асырылуын дамытатын компаниялардың болуы, сұйытылған табиғи газды кең қолдану дәуірі басталғанын растайды.

Қазақстан Президенті Қазақстан мен Татарстан республикасы арасындағы сауда –экономикалық қатынастары дамуының үлкен әлеуетін байқайды