Кері қоңырау

Өр мақсатты және сенімді: Петропавлда СШКК автокөлік компаниясының абсолютті жаңа автопаркісі жұмыс бастайды

Жаңа магистралдық техникаларды сатып алу «Global Gas Group» компаниясы тобының арнаулы жүктерін, атап айтқанда, Ресейден солтүстік Қазақстанға жеткізілетін сұйытылған табиғи газды тасымалдауға артып кеткен сұранысты қанағаттандыру мақсатына арналған.   Таңдаудың Volvo үнемді тартқыштары модельдеріне түсу себебі жүргізушілер мен жүктің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, логистика шығынын азайтуға негізделген.

«Республикамыздың солтүстігін газдандыру бойынша жоспарды жүзеге асыра отырып, метан әр бизнеске қол жетімді болу үшін біз операциялық шығындарды азайту мақсатында белсенді жұмыс істейміз. Осы бастама максималды экономикалық тиімділікке жетуге мүмкіндік беретін оңтайлы бағдарды жете есептеуді талап етті. Тура осыған байланысты үстіміздегі  жылы Петропавлда СШКК-да бірлескен жобаны іске қосу туралы шешім қабылдадық. Бұдан басқа, СШКК компаниясы – СТГ трансшекаралық тасымалдау үшін қажет болатын ДОПОГ шынайы халықаралық рұқсаты бр аздаған қазақстандық автокөлік компанияларының бірі болып табылады. – деп баяндады  «Global Gas Regazification» директоры Панаёт Саулиди.

Тасымалдаулар жүргізілетін бағдар Екатеринбургтан (РФ) Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанға  және сол секілді «Global Gas Group»сұйытылған табиғи газының тұтынушылары орналасқан  Петропавл және Щученск арқылы одан әрі қарайға тартылған.  2020 жылы  2 177 245 км еңсере отырып, 1075 рейсті жасау жоспарланса,  2021 жылы рейстердің санын  жылына 4000-ға  дейін артып, жеткізулер географиясын Петропавл облысының СТГ жаңа тұтынушылары есебінен көбейту жоспарланады.

«Автокөлік кәсіпорнының басшысы ретінде мен үшін қазіргі уақытта ең бастысы – бұл жасақталған білікті жүргізушілердің штаты болып табылады. Мен біздің компанияның қызметкерлерге бәсекелестікке қабілетті шарттарды, лайықты еңбек ақыны және тұрақты жұмыс жүктемесін ұсынатынына сенімдімін. Бұдан басқа, СҚО-ның  жергілікті өкіметіне, атап айтқанда,  облыстың және қаланың әкімдігіне Петропавл қаласында бизнес-процесстерді ұйымдастыру кезінде кадрлық мәселелерді шешуге көмектескені үшін алғысымды білдіремін.  Сонымен бірге көліктік хаб ретінде өңірді бірлесе стратегиялық дамыту үшін Әкімдіктің қолдауына арқа сүйеп отырып, негізгі мәселелерді өзара түсіну жылдам болғанын атап өткім келеді.», - деді  СШКК  директордың орынбасары Олег Сексенбаев.